Абақтыда мүгедекке айналған айыпталушыны қамауда қалдырды

04.12.2019, 20:00

40

Алматының Алмалы ауданы соты 3 желтоқсанда өткен көшпелі отырысында 41 жастағы айыпталушы Жұлдызбек Тәуірбековті қамаудан босату туралы адвокат Фархат Гулиевтің өтінішін қарады. Көшпелі сот Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінде өтті.

Адвокат Гулиевтің айтуынша, «Терроризмді насихаттау» және "Әлеуметтік араздық қоздыру" баптары бойынша айып тағылған Жұлдызбек Тәуірбеков 29 мамырдан бері Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Көктемде қамауға алынған кезде Тәуірбековтің денсаулығы жақсы болған. Бірақ бір айдан соң оның жүрек дерті асқынып, бірнеше рет реанимацияға түскен. Адвокат Гулиевтің айтуынша, 19 қазанда дәрігерлердің қорытындысы бойынша Тәуірбековке екінші топ мүгедектігі берілген. Бірақ соған қарамастан тергеу изоляторында айыпталушы қажетті медициналық көмек алып жатқан жоқ, сол себепті тұтқынның «жүрек-қан тамыр ауруы одан сайын асқынуы ықтимал» деп қауіптенеді адвокат.

Адвокат Гулиевтің өтінішін айыпталушының анасы және қоғамдық қорғаушысы Әсемгүл Жауғашева қолдады. Ол қамауда отырған ұлының денсаулығы барған сайын нашарлап бара жатқанын, оның жүрегін алмастыру қажеттігін, ал түрме жағдайында оған ота жасау мүмкін еместігін айтты.

Айыпталушы Тәуірбеков адвокат Гулиевтің өтінішіне қолдаса, прокурор Мақсат Дәуірбеков қарсылық білдірді.

Прокурор мен қорғау тарабының пікірлерін тыңдап шыққан судья адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады. Бұл қаулыға шағым түсіруге болмайды. Судья Иманқұловтың айтуынша, Тәуірбеков ісі бойынша негізгі сот 3 желтоқсанда басталды. Келесі сот Алмалы аудандық сотында 4 желтоқсанда өтеді.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Жұлдызбек Тәуірбеков «терроризмді насихаттады» және "әлеуметтік араздық қоздырды" деп айыпталған тоғыз айыпталушының бірі. Оның ісі денсаулық жағдайына байланысты жеке қаралып жатыр. Қалған сегіз айыпталушының ісі бойынша сот аяқталған және қарашаның соңында Қазақстанның түрлі аймағына этаппен жіберілген. 5 тамызда Алмалы аудандық соты сегіз адамды 5-8 жыл аралығындағы мерзімге бостандығынан айыруға үкім еткен. 20 қарашада апелляция соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Қылмыстық істі тергеу материалында сотталушылардың бірі Болатбек Нұрғалиевтің «терроризм мен салафизм идеясын насихаттау және салафизм идеясын ұстанатындарды көбейту үшін» WhatsApp мессенджерінде топ ашып, өзімен пікірлес сегіз адамды тіркегені айтылған. Сот Қазақстанның түрлі өңірінде тұратын бұл адамдар заңға қайшы екенін біле тұра әрекеттерін жалғастырғаны үшін айыпты деп таныған.

Айыпталушылардың барлығы сот отырысы кезінде өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды. Тамыз айында қазақстандық құқық қорғаушылар сегіз сотталушыны діни көзқарасы үшін қудаланған азаматтар қатарына қосты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11