Abay. 175 jyl деген коллекциялық монета шықты
ҚРҰлттық Банкі 2020 жылғы 10 тамызда номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ABAI.
175 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады,деп хабарлайды Банктің баспасөз қымзеті.
Монеталар шығарылымы ақын және ағартушыАбай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылған
Қазақстан Республикасында карантинрежимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату мерзімі кейінірекхабарланады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңресми сайтында қосымша орналастырылатын болады.
«ABAI.175 JYL» монеталарының сипаттамасы:
Монеталардың бет жағында (аверсінде)орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.Елтаңбаның сол және оң жағында «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OFKAZAKHSTAN» деген жазбалар орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнекэлементтері бар. Төменгі бөлігінде «TEŃGE» жазбасы және күмісмонетада монетаның номиналын білдіретін «500» саны және мельхиор меннейзильбер монеталарында «100» саны бейнеленген.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде)Абай Құнанбаевтың мүсіндік портрет бейнесі, күміс және мельхиор монеталардаинтерференциялық түрлі-түсті бейнелеу технологиясын қолдана отырып орындалғансия құтысының және қаламұштың стильдендірілген бейнесі орналасқан. Портреттіңоң жағында – қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түріндегі ою-өрнек таспасы, оныңастында Абай Құнанбаевтың туған жылын,
175 жылдығын мерекелейтін күнді жәнесоғылған жылын білдіретін «1845-2020» деген жазба орналастырылған. Оңжағында — металдың массасын білдіретін «31,1 g» деген жазба бар.Монетаның жоғарғы бөлігінде «175» және «JYL» деген жазбабар. Сол жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі, күміс монетада монетадайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазбабар. Монетаның төменгі бөлігінде латын графикасында «ABAI» дегенжазба бар.
Техникалықөлшемдері:
«Рroof» сапалы монеталар925/1000 сынамды күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы 500теңгелік, таралымы 1 500 данада дайындалды.