Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мен жер телімі сатылған

Алматыдағы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» заңсыз сатылған ғимараты мен жер тілімі қайтарылды.
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы оқу орнының мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтаған.
1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - «Ескі қақпа» орналасқан.Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі – ұйымдастырылған. Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді, делінген хабарламада.
Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды.
Шешім заңды күшіне енді.
Фото: 2gis.kz