Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:47

"Абай көне түркі тілінде жазған" деген Ардақ Назаров тағы сынға қалды

ардақ назаров
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров кезекті мәрте жұрт назарына ілікті. Бұл жолы қоғамның сынына оның “Абай көне түркі тілінде жазған” деген пікірі себеп болды.

Депутаттың бұл сөзі әлеуметтік желіде тез тарады. Көпшілік “Абай қайда, көне түркі тілі қайда?”, “Бұл депутат халық үшін не істеді?”, “Анамды туған күнімен құттықтасам деп едім…” деп түрлі пікір қалдырды.

10 қыркүйекте де Назаров мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтап жұрттың сынына қалды.

Тек бұл емес депутаттың сынға қалған кездері көп. Мамыр айында ол азық-түлікке 40-50 мың теңге жұмсаймыз деген. Сол-ақ екен, қарапайым халықтың біразы мұндай қаражат дүкенге бір мәрте кіріп шыққаннан артылмайтынын, 50 мың теңгенің бір айға мүлдем жетпейтінін, депутаттың сөзі қазіргі экономикалық жағдайға қайшы екенін айтты.

Бұдан бөлек депутат бола сала  "денсаулық сақтау министрі кім?" деген сұраққа жауап бере алмай қалды. Әйгілі Шерзат оқиғасы кезінде сонша жерден барып, суретке түсіп қайтқаны, сол жерде жүрген журналистерге "бәріне арақ кінәлі, жастарды тәрбиелеуіміз керек" деп, айды аспанға шығарды, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру талқыланып бітуге таяғанда күтпеген жерден бұл қалада арақ ішілмесін, шарап сатылмасын деген аспаннан түскендей cөзі; ажырасқандарға жарна төлетейік деп "атой салғаны" – бәрі-бәрі тек қарсылыққа  ұшырап отыр.

Тегтер: