Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:52

Абай облысында 6 баланы көлігімен қаққан жүргізушіге қатысты сот процесі басталды

1
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында 6 баланы көлігімен қаққан жүргізушіге қатысты сот процесі басталды.

Сот отырысында ер адамға бұрын эпилепсия диагнозы қойылғаны анықталды. Ол “Д” санаты бойынша есепте тұрған, бұл санатқа ұстамасы жиі қайталанатын адамдар жатады. Сот оның жүргізуші куәлігін уақытша тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Егер жүргізуші аурудан айыққанын дәлелдеп, сараптама қорытындысы соны растаса, шешім қайта қаралуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда ол куәліктен толық айырылмақ.

Еске салайық, 19 тамызда облыстағы жол апатында үш бала көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алған. Зардап шеккендердің екеуі санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізіліп, №2 көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды.

Тағы бір бала Семейге жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер бастапқыда оның жағдайын тасымалдауға жарамсыз деп танығанымен, кейін тұрақтанған соң әуе арқылы көшіруге шешім қабылдаған.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Медициналық сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті.

Тегтер: