Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:50

Абай облысында бюджет қаржысы шенеуніктердің мерейтойларына жұмсалған

шенеунік
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында прокуратура Бородулиха ауданында бюджеттен заңсыз төлемдер жасалғанын анықтады.

Мәселе әкімдік қызметкерлеріне негізсіз материалдық көмек төлеу және ұжымдық шарттардағы заңбұзушылықтарға қатысты болған.

Прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын үнемдеу есебінен қызметкерлерге мерейтойлық даталарға байланысты 1 млн теңгеден астам материалдық көмек төлеген. Алайда мұндай төлемдер қолданыстағы талаптарға қайшы келген.

Сонымен қатар тексеру барысында қызметкерлермен жасалған ұжымдық шарттарда заңнамаға сәйкес келмейтін нормалар болғаны анықталды. Атап айтқанда, олар 247 қызметкердің Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда қысқа мерзімді демалыс алу, сондай-ақ жұмыс тоқтатылған кезде жалақыны сақтау және басқа да кепілдіктерге қатысты құқықтарын шектеген.

Прокуратураның араласуынан кейін ұжымдық шарттар заң талаптарына сәйкестендіріліп, ауылдық округ әкімінің өкімі күшін жойды. Заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылды.

Тексеру қорытындысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Тегтер: