Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:05, 17 Қазан 2023

Абай облысында сотталушы түрмеде адам өлтірген

1
Фото: из откры1ых источников

Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған оқиға 5 қазанда қауіпсіздік жүйесі аралас мекемеде орын алған. Облыстық жазаларды орындау жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталған екі ер адам жанжалдасып, арты қайғылы оқиғаға ұласқан.

Сотталушының бірі жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп мәлімдеді департамент мамандары.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сондай-ақ түрменің қызметкерлеріне тергеу жүзіліп, бірнеше адам тәртіптік жазаға тартылды.