Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:54, 16 Ақпан 2024

Абай облысында тұрғындар қарлы боранда тас жолда қалды

Абай облысы
Фото: из открытых источников

Абай облысындағы Көкпекті ауданында ақ түтек боранда тас жолда адамдар тұрып қалған. Тұрғындарды эвакуациялау мақсатында ТЖК тікұшақтың көмегімен эвакуациялаған, деп жазды Zhasalash.kz

Абай облысындағы Көкпекті ауданында тас жолда тұрып қалғандарды эвакуациялау үшін тікұшақ қосу қажет болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

«Арнайы техника тас жолда тұрып қалған адамдарға әлі жете алмайды. Біз адамдарды әуе арқылы эвакуациялауға мәжбүр болдық», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

МИ-8 тікұшағымен Қалбатау ауылына 32 адам – әйелдер мен балалар эвакуацияланды.

Кафеде жылу пункті орнатылды.

«Көкпекті өңірінде жалғасып жатқан қарлы боранға байланысты қонуға мүмкіндік жоқ. Полиция да басқа жүргізушілермен бірге колоннада, жағдайды бақылап отыр», - деп толықтырды ведомство.