Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:35, 16 Сәуір 2025

Абай облысында үш жұмысшы аспалы көпірден құлап кеткен

1
Фото: из открытых источников

2025 жылдың 15 сәуірінде сағат 15:50 шамасында Абай облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшаулі ауылынан төтенше жағдайлар қызметіне шұғыл қоңырау түсті.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жергілікті шаруашылықта жұмыс істейтін үш адам Қаракөл өзеніндегі аспалы көпір арқылы өтпек болған. Алайда олар көпірден құлап, ағысы қатты суға ағып кеткен.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

16 сәуір күні таңертең 44 және 45 жастағы екі ер адамның денесі табылды. Үшінші адамның тағдыры әзірге белгісіз, іздестіру жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, жергілікті әкімдік қызметкерлері және еріктілер тартылған. Сондай-ақ арнайы техника, қайықтар мен дрондар қолданылуда.

Тегтер: