Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:41, 26 Шілде 2024

Абай облысында жылу желілерінің 64,2%-ы тозған

а
Фото: ҚР Үкіметі

Абай облысы энергетика саласында «қызыл аймақтағы» өңірлердің қатарына кіреді. Облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 64,2%-ға жетеді.

Бүгінгі таңда 28 жоба іске асыру сатысында. 37,9 шақырым желі мен 17 жылу көзін салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға 10,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков осы жылдың қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде коммуникациялар тозуының 57,7%-ға дейін төмендеуі күтіліп отырғанын айтты.

90 жылдық тарихы бар жылу көзі «қызыл аймақтағы» объектілердің тізіміне енгізілген, және қаладағы ең ірісі болып саналады. ЖЭО-1 «Теплокоммунэнерго» МКК құрамына кіреді. Сондай-ақ кәсіпорынға 70 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз ететін 76 жылу пункті мен 21 қазандық кіреді. Белсенді тұрғын үй құрылысын және қолданыстағы жылу желілерінің жоғары тозу деңгейін ескере отырып, жылу және электр қуатының тапшылығы байқалады.

Қазіргі таңда Семей қаласының сол және оң жағалаулары автономды түрде жылумен жабдықталған. ЖЭО-1 сол жағалау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді, оң жағалауда бұл функцияны 21 қазандық атқарады.

Үкімет басшысы ЖЭО-3 және оның магистральдық желілерін салу жобасының іске асырыла бастағанын еске салды. Жобаны 2030 жылға дейін 3 кезеңде іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. ЖЭО-3 пайдалануға берілгеннен кейін қазандықтар сорғы-сүзгі стансалары режимінде жұмыс істейтін болады, яғни жылу энергиясын тікелей үйлерге жеткізеді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оң жағалауда сағатына 146,99 Гкал құрайтын тапшылық мәселесі шешілмек.

Тегтер: