Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 20 Тамыз 2025

Абай облысында жүргізуші 6 баланы қағып кетті

1
Фото: ашы дереккөз

Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында жол апаты орын алды. 19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында 55 жастағы жүргізуші Toyota маркалы көлікті басқара алмай, жолдан небәрі 10 метр жерде орналасқан үй алдындағы 6 баланы қағып кеткен. 

Оқиға орнында екі бала көз жұмған. Тағы бір бала медициналық мекемеге апара жатқан жолда қаза тапқан. Қалған үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олардың жағдайы ауыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші ұсталып, Үржар аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалды. Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, ол жол апаты кезінде мас болмаған.

Апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік ұшағы Үржар ауданына ұшып келген. Оның бортында реаниматолог, нейрохирург және травматологтан құралған медициналық бригада бар.

Тегтер: