Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 19:25

Абайдың мерейтойында Мәулен Әшімбаев пен Берік Уәлиді еріктілер қоршап жүрген

1
Фото: скриншот

Абайдың мерейтойында  Мәулен Әшімбаев пен Берік Уәлиді еріктілер қоршап жүрген.

Журналист Мадина Жатқанбаеваның Facebook-тегі жазбасына сүйенсек, Абайдың 180 жылдығына орай өткен шарада Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Берік Уәлиді еріктілер қоршап, маңайына ешкімді жолатпаған.

«Абай мерейтойына келген Әшімбаев пен Уәлиді волонтерлар айналдыра қоршап, адамдарды жақындатпады. Қорыққаннан ба, әлде басқа себеп пе – белгісіз. Арасында министрлер мен депутаттар да болды», – деп жазды журналист.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік оларды «халықтан қорқады» деген пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Ел көлемінде мерейтойлық іс-шаралар 1–10 тамыз аралығында өтті.

Тегтер: