Әбдіқалықова әкімдерді тезге салды

21.07.2020, 06:54

42

Жуырда Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қарамағындағыларменауқымды мәжіліс өткізді. Онда аймақта ушығып тұрған коронавирус індетімен күрес,экономикалық көрсеткіштер және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасындағыолқылықтар талқыға салынды. Алдымен жаңадан тағайындалған облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың баяндамасын тыңдаған облыс әкімікоронавирус індетімен күресу бағытында арнайы жоспар жасап, үш күн мерзімдебекітуге ұсынуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасының жалпы 1,8 пайызғатөмендегенін атады. Ал облыста жартыжылдықтың қорытындысы бойынша негізгі алтыкөрсеткіштің бесеуінде төмендеу тенденциясы орын алған. Мәселен, құрылысжұмыстары – 68,2, инвестиция тарту 49,5 пайызға төмендеген. Сондай-ақәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы жыл басымен салыстырғандареспубликалық көрсеткіштен жоғарылаған.

Аймақ басшысы әлеуметтік маңызыбар азық-түлік тауарлары бағасы бойынша жыл басынан бері 19 азық-түлік түрінің13-інің бағасы көтерілгенін айтты.

– Картоп – 63, сәбіз бен пияз 50пайызға қымбаттаған. Қыс немесе көктемгі тапшылық кезең емес, нағызкөкөністердің пісіп жатқан мерзімінде бұл не деген сұмдық? Барлық аудандардабағалардың артық өсуіне жол берілсе, соның ішінде Жаңақорғанда – жеті, Арал менҚызылорда қаласында алты түрлі азық-түліктің бағасы көтерілген, – деді ГүлшараӘбдіқалықова.

Мәжілісте бағаны тұрақтандырубағытында жіберілген кемшіліктері үшін Жаңақорған мен Арал ауданы әкімдерінеқатаң ескерту жарияланды. Аймақ басшысы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінекөкөніс және басқа да әлеуметтік азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды, негізсізбаға өсімі фактілері бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатаркөршілес облыстарға шығып, халықты қолжетімді бағадағы арзан өнімдерменқамтамасыз ету үшін үш күн уақыт берді.

Сырдария өзені биыл тартылыпқалды десе де болады. Өйткені трансшекаралық өзенге қатысты көрші елдермен еңболмаса 1 млрд куб су алудың жолдары жасалынбай қалды. Қазір Шардара суқоймасынансекундына 400-500 куб су жіберілуде. Шілденің аяғында бұл көлем тағы дақысқартылуы мүмкін, өйткені Шардараның өзіне жоғарыдан су түсіп жатқан жоқ.

Демек, Шиелі, Жаңақорған,Қармақшы, Қазалы аудандарының күріш дақылдары сусыз қалуы ықтимал. Бұл аудандардыңнегізгі күнкөрісі күріш пен бау-бақша өнімдері. Су жетпесе, диқандардың алажаздай еткен еңбегі зая кетеді деген сөз.

Статистика бойынша облыста 89 623 га жерге күріш егілген. Оның 8492 гектары артық. Шиелі ауданы 12 200 гажерге күріш еккені туралы есеп бергенімен, нақты 14 353 гектарға Сыр маржанынорналастырып, 2000 гектардан астам жерге артық күріш еккен. Осыған орай, қазіргіуақытта Шиелі ауданындағы үш шаруашылықтың 720 гектардан астам жерге егілгенкүрішіне су жетпей, күйіп кеткен.

Өңір басшысы берілген тапсырманымерзімінде орындамай, күріш көлемін қолдан ұлғайтып, су тапшылығына әкепсоқтырғаны үшін Шиелі ауданының әкіміне сөгіс жариялады.

Кеңейтілген үкімет отырысындаішкі нарықты қамтамасыз ету үшін іске қосылған «Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасының жүзеге асырылуы да сынға алынды. Соңғы алты айда облыстабағдарлама аясында құны 788,6 млн теңгені құрайтын 37 жоба мақұлданған.

Облыс әкімі жобаның басым бөлігіЖаңақорған ауданында жүзеге асып отырғанын айтты. Кейбір аудандарда әлі күнгебір жобаның жоқтығын сынға алды.

Арал ауданында бірде-бір жоба жоқ. Бұлмемлекеттік бағдарламаның орындалмағанын білдіреді. Мұхтар Әуесұлы, жоғарыдааталған қатаң ескертуді ескере келе, сізге сөгіс жариялаймын. Келесідекөрсеткіш төмендеген жағдайда бұдан да қатаң тәртіптік жауапкершілігіңізқаралатын болады. Бұл барлық басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдерінеқатысты. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындажеңілдетілген несиелендіру бойынша жұмыстар күшейтілсін. Қызылорда қаласы 10млрд теңге, ал барлық аудан әкімдіктері 2 млрд теңгеге жуық межені игеру бойыншажұмыстарды жалғастыруы тиіс, – деді облыс әкімі.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясындаоблысқа 276 жобаны жүзеге асыруға 37 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Бұл қыруарқаражат пандемия уақытында 9300 жаңа жұмыс орнын ашып, халықтың әлеуметтікжағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Бүгінгі таңда 276 жобаның 270-і бойыншажұмыстар басталған. Жол картасы аясында жұмыс орнын құру көрсеткіштеріҚызылорда қаласында – 39,4, Арал ауданында 46,1 пайыз. Г.Әбдіқалықова барлықаудан және қала әкіміне осы айдың соңына дейін ашылған жаңа жұмыс орындарын 50пайыздан асыруды тапсырды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтытұрақты жұмыспен қамтудың көзі – бос жұмыс орындары.

–      Бірінші жартыжылдықта 4058 адам жұмысқа орналасқан, алжылдық жоспар 13 900 адам болса, бұл жоспардың үштен бірі де орындалмаған. Еңтөмен көрсеткіштер Қазалы, Қармақшы және Сырдария аудандарында орын алып отыр.Сондай-ақ жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны жылдық жоспар бойынша 12 602болса, одан 7080 ғана орын ашылған. Ал Қызылорда қаласында көрсеткіш 91 пайыздықұрайды, – деді Гүлшара Наушақызы.

Аймақта мемлекеттік-жекешелікәріптестік аясында 57 жобаның 38-і толықтай іске қосылған. Жобалар бойыншақабылданған мемлекеттік міндеттемелердің сомасы 16,5 млрд теңгені құрайды.Аймақ басшысы бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесі президенттің тікелейбақылауында болатынын ескертті. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан»бағдарламасындағы барлық кемшіліктер түзеліп, жыл соңына дейін 250-ден астамтұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуды тапсырды.

Нұрәли САҒАТ

Қызылорда облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36