Әбдіқалықова бастаған топ «Елбасы тапсырмасымен» келіп кетті

20.04.2019, 03:17

8

Бүгін Семейге Вице-премьер Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА бастағанҮкімет делегациясы келді. Делегация құрамында келген Білім және ғылым министріКүләш ШӘМШИДИНОВА, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек САПАРБАЕВ,Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Семейдің бірқатар нысандарында болып,қаланың жалпы жағдайымен танысты. «Ұлықтар шеруінің» негізгі мақсаты – жылбасынан бері әлеуметтік мәселеге айналған көп балалы аналарға көрсетілетінкөмектерді түсіндіру тұрғысынан өрбіді.

Қазақ инновациялық-заң университетінде өткен қоғамдықұйым өкілдерімен кездесуді ашқан ШҚО әкімі Даниал АХМЕТОВ те жиынның негізгісалмағы «Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ сьезіндегі елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бергентапсырмалардың орындалу барысы, соның ішінде көп балалы отбасылардың әлеуметтікжағдайын жақсарту бағытымен таныстыру үшін Үкімет мүшелері келгенін мәлімдеді. Сол-ақекен, Әбдіқалықова бастап, мінберге бірінен кейін бірі шыққан министрлер де,кейіннен сөйлеу реті келгендер де «Нұр Отанның» сьезінде айтқан елбасытапсырмасын» сөзінің кіріспесі ретінде қолдануды жөн деп тапты. Сырт қарапотырған адам еріксіз «егер сол кезде «Нұр Отанның» сьезіне Назарбаев бармай,тапсырма бермей қалғанда ұлықтар сөзінің басын қалай бастар еді?» деген ойғаберіледі екен.

Хош, енді, министрлер мәлімдемесіне кезек берейік.

Б.Сапарбаев: «Тоқаев масылдық пен мұқтаждықтың аражігін ажыратып алыңдар деген»

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтыңайтуынша, Қазақстанда халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрмысын оңалтумақсатында  көп істер атқарылып жатыр.Соның бір дәлелі соңғы 7 жыл ішінде жалақы 4 рет көбейтіліп, 2,5 есеге өсіпті.Білім, спорт саласы мамандарының еңбекақысы 15 пайыздан бастап жоғарылауүсітнде. Сондай-ақ осы саладағы мемекемелерде істейтін электрик, сантехник,дәнекерлеуші сияқты қызметкерлердің жалақысы да 30 пайызға артады.  Министрдің сөзінен ұққанымыз – алдағы уақытта бюджетжалақысына өмір сүретін 1млн. 100 мың қазақстандықтың киер киімі бүтін, ішерасы тоқ болады.  

Сапарбаев сөз арасында уақытша президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢМаңғыстау облысына барған сапарында айтқанын да қыстыра кетті. «Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақтауда болған кездеең алдымен масылдық пен мұқтаждықтың аражігін ажыратып алуымыз керек дегенболатын. Өйткені, мұның арты неге әкеп соғатынын білеміз» деп сөзінжалғастырған министр 20 789 теңге деп белгіленген жәрдемақының берілу жайыәлі де пысықталып жатқанын жасырмады.

-Өңірлердеболғанда жәрдемақылардың берілу жайына байланысты бізге көп сұрақтар қойылады.Зейнетақыны неге алып тастамайсыздар, неге шаруа қожалығынан түсетін табыстардыалып тастамайсыздар дегендей… Оның бәрін біз енді зерттейміз, талдаймыз.Заңға сәйкес, табыстарды анықтайтын ережеге өзгеріс енгізетін боламыз. Қазірбіз әрбір отбасының жеке әлеуметтік картасын дайындап жатырмыз. Әлеуметтік жәрдемақыны алар кездеотбасылардың көптеген құжаттар жинайтыны, әуре-сарсаңға түсетіні рас еді. Ендікелешекте мұндайды болдырмас үшін «е-халық» жүйесі арқылы тиісті мәліметтеранықталып отырады. Өмір болғаннан кейін түрлі жағдайлар болады. Әсіресе,мекен-жайын нақтылау дегенде. Біз қазақ болғаннан кейін бүгін мына жердетұрамыз. Ертең басқа жаққа көшіп кетеміз. Алайда, ол туралы хабар бермейміз.Содан барып түрлі мәселе туындайды, -деген министр осы сапар барысында куәболған бір ананың жайын айтып өтті. Осы уақытқа дейін төрт баласына 63 мыңтеңге алып келеген көп балалы ана 1 сәуірден бастап, әр баласына 20 789мың теңге есептелуі нәтижесінде 114 мың 449 теңге алатынын айтып өтті.

Күләш Шәмшидинова: «Ең қуантқаны — «жағдайым нашар» деген мұғалім көргем жоқ»

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова өңірлердегібілім ошақтарының проблемасын шешудің жайы қарастырылып жатқанын айтты.Әсересе, бала санының көптігінен үш ауысымда білім беретін мектептердіңмәселесін шешу жайын, ағылшын тілін кезең-кезеңімен оқытуға басымдықберілетінін айтып өтті. Министрдің сөзіне сүйенсек, алдымен қазақ тілініңоқытылуын қадағалау қажет. Ал ағылшын тілін жоғары сыныптардан бастап қанаоқытқан дұрыс. «Ол үшін алдымен мұғалімдердің өзінің ағылышын тілін толықтай меңгергендігіназарда болуы керек» деді министр. Шәмшидинова жалпы Семей мектептерін аралаубарысында тек білім беру саласына қатысты ғана әңгімелер өрбігеніне ризаболғанын тілге тиек етті. «Мұғалімдермен әңгімелестім. Бәрі де білімсаласындағы өзгерістерге, педагогикалық мамандықтарына сай туындайтын сұрақтартөңірегінде білгісі келгендерін сұрады. Ең қуантарлығы «жағдайым нашар» дегенмұғалім көргем жоқ» деді министр қуанышын жасыра алмай. Ал, Семейге қарастыауылдардағы бала саны азайып кеткен мектептердің ары қарайғы тағдыры,Бесқарағай ауданының жерінде отырған, әкімшілік бағынысы Семейге қарайтын Шағанкентінің не спортзалы, не асханасы жоқ мектебі сияқты білім ошақтарын облыстықжәне қалалық білім бөлімі министрден бүгіп қалған сияқты.

Шын мәнінде алдын-ала сценарилері дайындалып қойылғанжиын барысында көп балалы аналар атынан сөз алған Анар Сүлейменованың «елбасынаризашылығын» орыс тілінде жеткізгені тосын көрінді. «Күміс алқа» иегерінің орыстілінде судырата келіп тосыннан тоқтай қалып, «қазақ анасын қашан дақұрметтеген» деп ары қарай «жүрісінен жаңылмаған» Анар Әбетайқызының көп балалықазақ аналарының атынан таңдалғаны, ана тілінде сөйлей алмайтыны көңілгекөлеңке түсірді. Бердібек Сапарбаевтың «Өзіңіз жұмыс істейсіз бе?» дегенсұрағына «Атамекен» арқылы кәсіппен айналысуға ден қойғанын орысша жауабыменжеткізді.

Жиыннан кейін 18 баласы бар ерлі-зайыпты Кандыбалардың отбасына кіріп-шығып артынша, жеке кәсіпкердің қамқорлығымен қала шетінен баспана алуы жоспарланып отырған 8 баланың анасы Индира Отарбаеваның да «алғысын алған» Әбдіқалықова бастаған топ Өскеменге аттанып кетті. 

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34