19:43, 04 Шілде 2018
Әбдірахымов Шымкентте үлкен ауыс-түйіс жасап жатыр

Осыдан дәл екі апта бұрын Шымкент қаласының әкімі болып екінші қайтара тағайындалған Ғабидолла Әбдірахымов бүгін өзінің орынбасарлары мен аппарат басшысын жаңартты.
[caption id=«attachment_14097» align=«alignnone» width=«700»]
Еркеғали Әлімқұлов[/caption]Әбдірахымовтың аппаратына жетекшілік жасау 37 жастағы ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВҚА жүктелді. Е.Әлімқұлов бұл қызметке Астанадан келгенімен, осы өңірде туып-өскен, қызмет еткен. 2015-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып істеген. Ол бұл қызметтен былтыр босатылып, Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып ауысқан еді.Әбдірахымовтың орынбасары болып НҰРСАДЫҚ ЕРГЕШБЕК тағайындалды. Ол Әбдірахымовтың алғашқы әкімдік кезеңінде Шымкентке жылу таратумен айналысатын «Қуатжылуорталық» МКК-інің директоры болып, осы лауазымды бүгінге дейін атқарып келген. Әбдірахымовтың тағы бір су жаңа орынбасары-ДАНАТ ЖУМИН де бұрын Шымкент қалалық әкімдігінде қызмет еткен.[caption id=«attachment_14098» align=«alignnone» width=«785»]
Данат Жумин[/caption]Дәлірегі Әбдірахымовтың штаттан тыс кеңесшісі болған. Оның соңғы жұмысы- «Нұр Отан» партиясы саяси жұмыс департаментінің директоры. Ғ.Әбдірахымовтың тағы бір орынбасары болып БАУЫРЖАН МАМЫТАЛИЕВ тағайындалды. Ол бұл орынға кәсіпкерлік саласынан келді.[caption id=«attachment_14099» align=«alignnone» width=«750»]
Бауыржан Мамыталиев[/caption]Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын бірнеше жылдан бері атқарып келе жатқан ҚАЙРАТ НҰРТАЙ әкімнің бірінші орынбасары болды. Сондай-ақ, әкімнің қаржы саласы бойынша орынбасары ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА креслосын сақтап қалды.Бұған дейінгі әкім орынбасарлары болған Бейсенбек Жанбосынов пен Ғабит Мәуленқұловқа және Тимур Баймұхановқа енді басқа қызмет іздеу қажет сияқты.[caption id=«attachment_14100» align=«alignnone» width=«769»]
Бұхарбай Парманов[/caption]Сондай-ақ Әбдірахымов бүгін Шымкенттегі төрт ауданның бірі- Абай ауданына БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВТЫ әкім етіп тағайындады. Б.Парманов бұған дейін Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі болып істеген.Фотолар автордікі.



