Әбдірахымов жаңа жылды тойлауға 70 миллион бөлмекші

28.11.2018, 02:06

6

Биыл Шымкент қаласын жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджетінен 70 млн. теңге қарастырылып отыр екен. Бұл туралы қалас басшысы Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингте айтты.Былтыр бұл мақсатта 49 млн. теңге жұмсалған болатын. Әйтсе де жаңа жылдық безендіруге 70 млн. теңге көп емес пе?– Иә, жаңа жылдық безендіруге қала бюджетінен 70 млн теңге қарастырып отырмыз, – деді бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ – Бұл анау айтқандай таңқалатын сомма емес. Қанша дегенмен қаланың көрікті болуы бәріміз үшін қажет. Жақында Сеулде болып келдім. Түнгі Сеул қандай жарқырап тұр. Олар бұл іске 70 млн теңге емес, 70 млн доллар бөліп жатқан сияқты. Өздеріңіз қараңыздаршы, Лондон, Париж түнде қандай жарқырайды? Шымкенттің олардан қай жері кем? Сонда Шымкент түнде қап-қараңғы боп тұруы керек пе? Әйелдер не үшін боянады? Біз әдемі киімді не үшін киеміз? Бұл да сол сияқты мәселе ғой. Адам деген «Вау...» деп өмір сүруі қажет....Әрине, қаланың әдемі болып, адамдардың «Вау...» деп өмір сүруі кімге ұнамасын?! Бірақ, осыдан екі-үш жыл бұрын ғана жаңа жылдық безендіруге бөлінген қаражатқа жетім балаларға сый-сияпат жасап, басқаларға қайырымдылығы мен үлгі болған Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымкент өз алдына республикалық статус алғалы бері өзі де, сөзі де, ниеті де өзгеріп қалған сияқты.Сондай-ақ, балалардың темір жолы әкімнің бас ауруына айналғандай.Қоғам қайраткері, кеңес жылдарында осы облысты басқарған Асанбай Асқаровтың көзі болып тұрған балалар теміржолы бірнеше жылдан бері қараусыз жатыр. Шырайлы қаланың басшылығы қаншама тырысса да балаларды қуантып, теміржолды іске қоса алмады.Жақында Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов рельстерді бұзып алып, оның орнына велосипед жолын салуды ұсынған еді. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер қала әкіміне осы сұрақты тағы қойды.– Балалар теміржолын неге қимай отырғандарыңызды түсінбеймін. –  деді Ғ. Әбдірахымов. – Бұл мәселені көбінесе жасы 50-ден асқан кісілер көтеріп жүр. Шамасы бала кезінде сол пойызбен өздері қыдырса керек. Бірақ, қазір заман басқа ғой. Қазіргі жас балалар сол пойызға мінуге қызыға ма? Жасыратыны жоқ, бұл пойыз жолдың бойынан үйлер түсіп кеткен. Рельстерінің біраз жерлері қолды болған. Сондықтан теміржолдың орнынан велосипед жолын жасайық деген ұсыныс айтқан едім. Біз ол жолды арнайы тормен қоршап та береміз. Бірақ, қарсы шығушылар да бар. Сондықтан бұл мәселені онлайн жүйесімен дауыс беру арқылы қала тұрғындарының өздері шешуі тиіс. Соңғы сөз соларда. Теміржол қалсын десе қалады.… Сөз саптасынан қала әкімі балалар темір жолының қалуына түбегейлі түрде қарсы екенін байқап қалдық. Ендеше әкім қарсы болып тұрғанда халық бірнәрсе шеше ме? Оны енді уақыт көрсетеді.Фото: ortcom.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34