Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 04 Қыркүйек 2024

Әбдіров республикалық референдумға дайындық туралы президентке мәлімет берді

с
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, күні кеше Орталық сайлау комиссиясы жалпыхалықтық референдум өткізуге арналған алғашқы отырысын өткізген болатын. Отырыста референдумды дайындау мен өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес:

12 қыркүйекке дейін – аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум өткізу учаскелері туралы ақпарат жарияланады;

15 қыркүйек – сайлаушылардың тізімдері жасалды;

26 қыркүйек – азаматтарды референдумның уақыты мен орны туралы хабардар ету;

3-5 қазан – бюллетеньдерді тапсыру;

5 қазан – үнсіздік күні;

6 қазан сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін – дауыс беру;

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы АЭС референдумын ұйымдастыру және өткізуге бюджеттен 15,5 миллиард теңге жұмсалатынын айтты.