Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:02, 28 Мамыр 2020

Абдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ, өнер зерттеушісі: Телеарналарға қазақ өнері қажет емес

«ЖасАлаштың» 19 мамыр күнгі санында белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтің  «Телеарналарда қазақ руханиятының орныойсырап тұр» деген тақырыппен көкейкесті мақаласы жарияланған еді.

Осығанбайланысты редакцияға өнер саласының бірқатар көрнекті өкілдері телефон шалып,ой-пікірлерін білдірді. Солардың бірі – күй өнерінің саңлағы, «Көкіл»мектебінің директоры  Абдулхамит Райымбергенов.

Өнертөңірегіндегі көптеген кітаптар мен оқулықтардың авторы, музыкалық хабарлардың жанашыры Абдулхамит Райымбергенұлы   да бүгінгі телеарналардың ұлтқа қызмет етеалмай отырғанына өкінішін білдірді.

 Мен өнер саласының тәжірибелі маманы болғансоң, тек осы саланы барынша насихаттау керек деген ойдан аулақпын. Әріптесіміз ТалғатТеменов те солай ойлайтыны анық. Ол ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігіне  іштегі қыжылын аса біржанашырлықпен әрі орынды жеткізген. Жалпы, өнер саласындағы емес, басқақызметтегі азаматтардың ортасында да «ақша адамды адастырған заман болды, соныңсалдарынан телеарнаны самарқаулық жайлады» деген пікірді құлағымыз шалыпқалады.   Жылдар жылжып, аға буын біркездердегі телеарналардан берілетін түрлі хабарларды сағынатын болды. Себебісол хабарлардың  әрқайсысын алтынғаайырбастамас едім. Ақселеу Сейдімбеков, Жәнібек Кәрменов секілді нағыз   өнер зерттеушілері қазақтың рухани қазынасынтолықтырды.

   Оданкейін «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Қазақтың мың күйі», «Қазақтың мыңәні» жобасы ел-жұртты бір сілкінтіп тастағаны белгілі. Ұлттық телеарналардан «Дала-думан»,«Саз толғау», «Сегіз қырлы», «Ауылдың алтыауызы»  атты телевизиялық хабарлар болғаны белгілі.Соның барлығы, тақиямызға тар келгендей,  жоғалды. Ол аз болғандай, «Мәдениет» секілдітелеарналар да жабылып тынды. Одан соң «Мәдениет және білім» телеарнасы ашылыпбір қуантып еді, оның да өмірі қысқа болды.

    Есесіне жекеменшіктегі телеарналарды айтпағанда,халыққа жақындау «Қазақстан» мен «Хабарға» жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді.Алайда сол қаражат қаншалықты тиімді жұмсалуда? Ел игілігіне барынша қызмететіп жатыр ма? Осы сауалдар көзіқарақты көрермен қауымды ойға қалдырады. Оданқала берсе, телеарналарды тек «жұлдыздар» жағалайтын болды. Аспаннан жауғанақша олардың да ниетін бұзғандай. Жеңіл-желпі, сайқымазақ хабарлар жұрттыңсанасын өзгертті. Сол жерден алатын қомақты қаражаттары аздай, той-томалақтысаудаға салып, тіпті лотерея ойнатуға жаппай көшті. Сөйтіп селтеңдепжүргендерге қазақ руханиятының алтын қазанының қақпағын қалай сеніп тапсырыпжүрміз? Ал ғылым саласында тер төгіп жүрген ғалымдар әншінің бір тойдан тапқантабысын бір жылда таба алмайды. Бірақ әрқайсысы адамға, адам санасын жақсыжаққа қарай өзгертуге қызмет етуі керек. Өкінішке қарай, бізде олай болмай тұр.

  Мен ертеректе Бибігүл Төлегеновамен шетелдіксапарда екі ай болдым. Сонда ол кісі сахнаға бір рет шығатынына қарамастан,күніне екі сағат даусын шыңдайтын. Концертке ерекше дайындалатынын көріптаңғалатын едім. Ал қазіргілер екі сағат та дайындалмайды. Сүрініп-қабыныпсахнаға шығады да, флешкадағы әнін айтып кете береді. Бұл енді сахнаны, өнердісыйламау. Осының барлығы өнердің аясын тарылтып, жас ұрпақты жеңіл дүниегеүйретуде. Әрбір қазақ жасы өнер саласында Димаш Құдайберген секілді тер төксе,міне, сонда ғана біз ұлт алдындағы парызымызды өтейміз. Телеарналар да осындайшын таланттарды  жанталаса насихаттауыкерек.

  Мен қазақбаласының өнерден нан табуына, баюына қарсы емеспін. Бірақ ізін басқан жасөнерпаздарға қандай өнеге көрсететінін ойлауы керек. Ертеректе көгілдір экран көрермендері көше әндерін емес,көшелі әндерді тыңдайтын. Қазір, керісінше, «Шудың бойында» деген мағынасыз,көше әндерін жаппай насихаттауға кірісті. Өз басым жастардың денесіне татуировкасалып, жігіттері шашын бояп, құлағына сырға тағып, экран алдына шығуына  қарсымын. Әсіресе ұлттық телеарналардан. Жапонмемлекетінде тату салған адамды мемлекеттік арнадан  көрсетпек түгіл, қызметке қабылдамайды. Албіз әншілердің түшкіргенін, көлік алғанын, үй салғанын, тұрмысқа шыққаныннемесе үйленгенін, тіпті ажырасқанын да көрсетуден  қымсынбайтын болдық. Ұлттан ұялуды қойдық. Ал,керісінше, жаңалық ашқан ғалымдарды насихаттаған хабар көрдіңіз бе?Салыстырмалы түрде осының барлығы біздің қоғамның қазіргі деңгейін көрсетеді.Бұл жерде мен эстрада жанрын алалаудан аулақпын. Оның өз қиындығы, өзпроблемалары жеткілікті. Тек кез келген салада кәсіби мамандар жасаса екендеген ойды айтқым келеді.

  Шын мәнінде біздің телевизиялық саланы  рейтинг құртуға айналды. Біз бір ұрпақтырейтингпен тәрбиелесек, келесі ұрпақ көп нәрседен мақұрым қалады. Олар үшінұлттық идея, ұлттық құндылық, салт-дәстүр деген жат болып қалады. Ұлт санасынулайтын шетелдік сериалдарды көрсетер алдында сарапқа салу керек сияқты.Құдайға шүкір, отандық жақсы сериалдар да түсіріле бастады.

  Бізмемлекет қаржыландыратын телеарналардан көп нәрсені талап етуіміз керек.Өйткені ол сіз бен біз төлеген салықтан қаржыландырылады. Сондықтан ментелеарналардан сапасыз, ұлттық болмысымызға жат, тағылымы аз хабарларды көргімкелмейді. Ұл-қызымыздың, немерелеріміздің жеңіл-желпі дүниемен санасын уламаужағын ойлайтын кез келді. Сіз бен біздің атыс-шабыс кинолар мен арзан күлкігетолы хабарларды көргіміз келмейтіні шындық. Алайда бізге ел қазынасынанқаржыландырылатын телеарналардың  олардымәжбүрлеп көрсетіп отырғаны өкінішті. «Ұлттық құндылықтар рейтинг жинамайды»деп, арзанқол дүние ұсыну арқылы қазақтың болашағына балта шабамыз. Мысалы,қазір кабельдік жүйеде «Домбыра» атты телеарна бар. Ұлттық ән-күйлерімізді,жыр-термелерімізді  насихаттап жатқанжалғыз телеарана. Қаржысын жеткізе алмай, мемлекет тарапынан  қолдау таба алмай, жабылу алдында тұр. Есесіне«Тамаша» деген арна ашылды. Біз оған қарсы емеспіз. Оның да өз көрермені баршығар. Сонымен қатар  ғылымдағы, медицинадағы,өнердегі, әдебиеттегі жаңалықтарды, өнертапқыштарды неге көрсетпейміз? Айталық,қазір Әбіш Кекілбаев, Төлен Әбдіков, Бибігүл Төлегенова, Қайрат Байбосынов  сынды әдебиет пен өнер саласындағымайталмандарымыздың көпшілігін жастар біле бермейді. Олардың орнын арзанқалжың,   жеңіл, сапасыз  эстрада, көше әншілері басты. Менің ойымша,сатира деген – ең күрделі жанр. Бұл жерде де кәсіби сатириктер мен кәсіби актерлардыемес, институт қабырғасында «капустник» жасап жүргендерді эфирге шығарыпжібердік. 

  Біздіңидеологиямыздың әлсіздігінен қазір ұлтжанды жастар барған сайын азаюда. Кезкелген бойжеткеннен немесе қыздардан «телеарнадан не көріп жүрсің?» деп сұрапкөріңізші. Ұяласыз. Бәрінің айтатындары сериал болмаса «Қалаулым» сынды арзанқолбағдарламалар. Қазақ «Ауруын жасырған өледі» дейді. Сол себепті өзімізге өзімізкөр қазбаудың жолын жедел қарастыру керек.

Былтыр  ұлттық арнадан «Мен қазақпын»  атты керемет бағдарлама ашылған болатын. Алайдабүкіл ішкі құрылымы эстрада конкурстарының концепциясымен жасалыпты.  Мұны айтып отырған себебім – бұл жобаныңаясында қазақтың дәстүрлі өнерін түсінетін, соның айналасында тер төгіп жүргенбірде-бір кәсіби маманды көре алмадық. Ұлттық өнер мен мәдениет өтіп кеткен,өлі дүние сияқты көрсетілмеуі керек. Бұған асқан білімділік пен үлкен тәжірибеқажет. Кейде жобаны кім жеңіп алса, бағдарлама тек қана соның көзқарасымен жасалатындай ой туындайды. Кезінде ұлттық арнада «Сегіз қырлы» атты  өнер сайысына арналған халыққа жақынбағдарлама болды. Оның идеясы, дәнегі, берер тәлімі мол еді. Дайын тұрғанконцепция ғой.  Қазір сондай дүниеніңбірі де жоқ. Барлық бағдарламаларды тек қана шоуға айналдыру керек сияқты.

  Білім саласындакөптен бері жұмыс істеп келе жатқан соң, осы тақырыпты қозғап өтейін. Кезінде жалпыбілім беретін мектепке арналған «Мұрагер» атты бағдарлама жасалды. Мектептегімузыка пәнін ұлттық нақышта оқыту жүйесі пайда болды. Қазақтың көне аңызкүйлерінен бастап, Құрманғазы, Тәттімбет, Ақан сері, Біржан сал сынды ұлы композиторларымыздыңасыл туындыларын баланың бойына сіңіру, айтыс өнері, жыраулық дәстүр, түркі, шығысмәдениетін білу арқылы Еуропа өнерінің жауһарларын білу сияқты  оқыту жүйесі мен бағдарлама, оқу құралдарыжасалған болатын. Ең бастысы, кез келген қазақ баласының мектеп бағдарламасынаберілген уақыт ішінде домбыра тартуды үйреніп шығатын әдістеме жасалды.Республика көлемінде 80-ге жуық жалпы білім беретін мектепке эксперименталдыбағдарламаны енгізіп, 15 мыңға жуық баланы домбыра аспабына үйретіп шығардық.

     Алайда мектепқабырғасына батыстан келген жаңғыртылған оқу жүйесі енгізілген соң, мұның бәріқажетсіз болып қалды. Өйткені батыстан келген жаңғыртылған оқу жүйесінде ұлттықөнерге орын жоқ болды. Оның орнына джаз, эстрада, Майкл Джексон, Пол Макартни  сияқты батыс мәдениетініңмайталмандарымен  орын толтырдық. Бұл жердеескеретін бір жайт, аталмыш өнер түрлері мен әлемге аты шыққан батыс жұлдыздарынбілу керек емес деп ұқпау керек. Бала ең алдымен өз құдығынан су ішіп, өз өнерімен мәдениетінен сусындамаса, ертең оған қазақ мәдениеті де қажет болмайқалады. Жаһандану заманында бұл айдан анық нәрсе.  Осылайша «қазақ баласы 12 жасқа дейін текұлттық ән мен күймен құлақтанып өсуі тиіс» деген жоспарымыздың күл-талқанышықты. Сонда шетел тәжірибесінен не ұттық? Ештеңе ұтқан жоқпыз. Ұлы жазушыҒабит Мүсірепов: «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды», – дейді.Біз сол ұлылыққа жете алмай жүрміз.

 Жоғары оқуорындарындағы  Болон жүйесіне қатысты да көпнәрсе айтуға болар еді. Әсіресе өнер саласында. Менің ойымша, білім, әдебиет,өнер  саласында, ең алдымен, ұлттықидеология тұжырымдамасы қажет. Болашақ ұрпақты сол арқылы ғана сенімді түрдетәрбиелей аламыз. Өкініштісі, бізде осы жағы жетіспей тұр.  

 Жазып алған Жолдасбек ДУАНАБАЙ,

«Жас Алаш»

Тегтер: