Абхазия ОСК президент сайлауы қайта өтетін күнді жариялады

12.01.2020, 14:43

11

Өз-өзін жариялап алған Абхазия республикасының орталық сайлау комиссиясы аймақтағы кезектен тыс президент сайлауын 22 наурызға белгіледі. Бұл туралы ОСК басшысы Тамаз Гогия хабарлады. Ол Жоғарғы соттың бұған дейін өткен президент сайлауының нәтижесін жойғанымен келіспейтінін, бірақ заңға сай жұмыс істейтінін айтты.

2019 жылдың қыркүйегінің басында Абхазия аймағында сайлауда қазіргі президент Рауль Хаджимба жеңіске жеткен. Екінші орын алған оппозициялық «Амцахара» партиясының өкілі Алхас Квициния сайлау нәтижесін мойындамаған. Оппозиция Хаджимба жеткілікті дауыс алмады деп, сайлауды қайта өткізуді талап етеді.

9 қаңтарда Сухуми қаласында наразы жұрт президент әкімшілігінің ғимаратына басып кіріп, Хаджимбаның отставкасын талап еткен. Хаджимба бұл наразылықты «мемлекеттік төңкеріске талпыныс» деп атаған.

10 қаңтарда жоғарғы сот оппозиция атынан президент сайлауына түскен Алхас Квицинияның шағымын қанағаттандырып, елде өткен президент сайлауының нәтижесін жойды.

Ал елдің қауіпсіздік кеңесі оппозиция қаруланған деп айыптады. Сухуми прокуратурасы елде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабымен қылмыстық іс қозғады.

Өткен аптаның соңында Сухумиге Ресей қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Рашид Нургалиев келген.

Абхазия – 1993 жылы Грузиямен соғыстан кейін өз-өзін жариялап алған сепаратистік аймақ. Абхазияның бөлінуін Ресей қолдап келген. 2008 жылы бес күнге созылған Ресей-Грузия соғысынан кейін Мәскеу Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған. Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Ресей басып алған аймақ деп санайды және Мәскеуді елдің шекарасын бұзды деп айыптайды. Ресей бұл аймаққа жиі көмектесіп тұрады. Бейресми деректерге сай, Мәскеу аймақтағы халықтың 90 пайызына төлқұжат берген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42