Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:45

Абхазиядағы наразылық: мемлекеттік телекомпанияны басып алу әрекеті кезінде атыс болды

Абхазия
Фото: ашық дереккөз

Бір топ адам ауаға оқ жаудырып, Абхаз мемлекеттік телерадиокомпаниясының ғимаратын басып алмақ болды.

 Ғимараттың күзетшілері шабуылдаушыларға оқ атып қуып жіберді.

Республика президентінің баспасөз мәліметінше, шабуыл дүйсенбі, 18 қарашада болған.

Теледидар орталығының қауіпсіздік қызметкерлері белгісіз біреулер тобына ескерту ретінде оқ атқан.

Басқыншылар телерадиокомпания ғимаратына 15 көлікпен келген.

«Телерадиокомпания басшылығы күзет қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, нысандағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғыс айтты. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.

Ел билігі телеарна ғимараты мен журналистерге шабуылдың қайталануын жоққа шығармайтынын баса айтты.

Бұған дейін, 15 қарашада оппозиция өкілдері президент әкімшілігінің ғимаратына кіріп, Бжанияның отставкаға кетуін талап еткенін хабарлаған едік.