«Әбілқасымоваға күнде алғыс айтар едім...»

25.01.2019, 21:44

6

Жалпы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің тізгінін келешекте ер адамның құзырына беру керек секілді. Өйткені, қазақтың қарасын көбейтіп отырған аналардың жай-күйін сезінуге жауапты әйел шенеунік әзірге осы саланың көсегесін көгертетіні шамалы болып тұр. Күні кеше ғана көп балалы болуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылардың ақшаға «көміліп жатқаны» туралы мәлімдеме жасаған министр Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВАНЫҢ сөзі әлі де «хит» болып тұр. «Бір ойды бір ой қозғайды» дегендей, оның айтқаны бұрынғы әріптесі, бүгінгі Мәжіліс депутаты Гүлжан ҚАРАҒҰСОВАНЫҢ сөзін еске түсіріп жіберді. «Ауылдағы отбасылардың бір сиыр мен бір тауығы болса, соның өзі үлкен байлық» екенін айтып, «айды аспанға шығарған» Қарағұсованың сөзі де қырдағы жұртты біраз тулатқан да шулатқан. Сол кезде Шығыс өңірдегі бір ақсақалдың айтқаны да ойға оралады. «Бәлем, өзіне төрт-бес бала таптыртып, алдына бір сиыр мен тауығын салып, сонау Шұбартаудағы бір ауылға апарып тастар ма еді?» деп қатты күйініп еді әрбір сөзі жазулы тұрған хатпен тең қария.Ауыл аналары үшін жыртығына жамау болуға ғана жарайтын жәрдемақының жілігін шағып, қайтадан түсініктеме берсе де Әбілқасымованың «ешбір елде жоқ» әңгімесін халық қабылдай алмай жатыр. Мәселен, өскемендік заңгер Әсел МЕРЖАҚЫП министрдің жәрдемақыға қатысты «жаңалығына» көзқарасын былайша білдірді.-Алты- жеті баласы бар «Алтын алқа». «Күміс алқа» алған аналар үшін16 мың 100 теңге жеткілікті қаражат па екен? Аналар төрт бала тапса да, алты бала өсірсе де осы сомадан аспайды. Мысалы, 16 мың теңге жәрдемақы алатын алты баласы бар отбасын алайық. Әр балаға 2,5 мың теңгеден есептеледі деген сөз. Бұл екі жарым мың теңгеге баланың тамағы кіреді, бұл екі жарым мың теңгеге оның киімі кіреді.Бетін аулақ қылсын, бала болған соң ауырмай тұрмайды. Емханаға бір көрсетіп шықсаң антибиотикпен бірге қаншама дәрісін жазып береді. Онысы он мыңға дейін барады. Тіпті, оны айтпай-ақ қойған күннің өзінде осы ақшаға балаға қажетті, бір айға жететін не алуға болады? Министр Әбілқасымова осы қаражаттың жеткілікті екендігін неге сүйеніп айтқанын түсіне алмай отырмын. Немесе осы он алты мың теңгеге тойып тамақ ішіп, ықылық атып отырған отбасылар болса, көрсетіп берсінші. Әлде өзі ел ішін аралап жүріп, көріп көзі жетіп айтып отыр ма? Әлде көп балалы бір отбасының анасы қабылдауына кіріп, «осы бізге жетеді, көп рахмет» деп алғыс айтып шығып па?.. Мысалы, ауылды жерде бес баласы бар отбасы үшін бұл түкке жетпейді. Алдындағы азын-аулақ малына тәубе айтып отыруы мүмкін, жәрдемақыға емес. Ал не малы жоқ, не жұмысы жоқ отбасылар ше? Шығыны шаш етектен қалаға көшіп келсе, не болатынын елестетіп көріңіз. Жаңағы бес баланың біреуі балабақшаға барса, енді екеуі мектепте оқыса, олардың үзілісте күнделікті асханаға барып, пирожки мен компот алып, қоректенетіні бар. Ыстық тамақ ішсе, екі балаға 250 теңгеден 500 теңге шығады, Сонда 6-8 мың теңгенің өзі мектеп асханасынан тамақтанатын балалардың ай сайынғы тамақтануына кетеді, енді, балабақшаға келейік. Шығыс Қазақстан облысында 11 -13 мың теңге кішкентай балақаның үшін балабақшаға төлейсің. Егер оның өзі мемлекет тарапынан жартылай қамсыздандырылған болса. Менің ойымша, министр осындай мәлімдеме жасамас бұрын қандай да бір негіз болуы керек қой сөзінің. Халықтың әлеуметтік тұрмысына қатысты саланы басқарып отырған адам не айтса да, ойланып барып айтпай ма?.. Егер он алты мың теңге әрбір балаға төленіп отырса, о, онда министр Әбілқасымоваға күнде алғыс айтып жүрер едім. Өйткені, бес баласы бар отбасы әр баласына осынша сомадан айына 80-90 теңге жәрдемақы алса, үлкен көмек болар еді,-дейді Ә. Мержақып.Бұл -көп балалы отбасылардың қатарынан болмаса да ел қатарлы перзентін өсіріп отырған ананың сөзі. Сонда қарапайым кез-келген қазақтың шаңырағы жақсы біліп отырған осынау дәлелді уәжді білдей әлеуметтік қорғау министр білмей ме? Әлде, білгісі келмей отыр ма? Шындығына көшкенде біздің атқарушы билікте отырған қай министрдің өз саласына қатысты білдірген пікірі, бөліскен жаңалығы халықтың шынайы өмірінен алыс жататынын үнемі көріп келеміз. Көп балалы отбасыларға қатысты көңілге тоқ санайтын мәлімдеме жасадым деп отырып, дақ түсіретін қаражатты айтқан Әбілқасымованың бәрібір де ұйқысы тыныш, табысы жеткілікті. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген нақылды жақсы білсе, қазақ аналарына қаратып осылай айтпас еді. Бір кездері президентттікке үміткер болған дәрігер  Ерасыл Әбілқасымовтың еркесі күндердің күнінде көп балалы болып шыға келсе, ғана түсінер бәлкім. «Балағынан бала саулайтын» қазақ аналарының не үшін шыр-пыры шығатынын?...Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39