Әбілов: Миттал Машкевичтің көмегімен Қазақстанда бизнес бастау үшін 100 млн доллар берген
Белгілі саясаткер әрі бизнесмен Болат Әбілов АрселорМиттал Теміртау» компаниясына ие болған британдық Лакшми Миттал олигарх Александр Машкевичтің көмегімен Қазақстанда бизнес бастағанын айтты.
Журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында Болат Әбілов тоқсаныншы жылдары «Қарметкомбинаттан» қуылғанын атап өтеді.
«Миттал Қазақстанға Машкевичтің арқасында келді. Мұхтар Жәкішев екеумізді австриялық Фьюс Альпина компаниясымен бірге «««Қарметкомбинаттан» қуып жіберді. Кейін ол жерде Григорий Лучанскийдің Нордекс компаниясы да ештеңе істей алмады. Сол себепті Қарметкомбинатты» кім қолға алады деп, инвестор іздестіріле бастады. Қолға алып, кейін жекешелендіре алатын біреу керек еді. Себебі қыс келе жатты. Ал дайындалмаса, қыс осы секілді алпауыт компания үшін апатпен тең», - дейді ол.
Болат Әбіловтың сөзінше, осы кезде Қазақстанда Миттал мырза пайда болған. Оның Машкеевичпен бірге келгені, оны дәл сол Машкевич таныстырғаны турасында ақпарат тараған. Кейін 1998 жылы Англиядан ВВС телекомпаниясы келіп, Әбіловке хабарласып: «Сіз «Қарметкомбинатты» басқардыңыз, сізді ол жерден қуып жібергенін білеміз, не себепті?» деп сұраған екен.
«ВВС-ліктер маған бір қызық мәліметті айтты. Миттал мырза ВВС телеарнасына сұхбатқа шақырылған екен. «Қазақстанға қалай жолыңыз түсті?» деген сұраққа Миттал «оны Машкеевич мырза шақырғанын» айтқан. «Қазақстанға кіру үшін ол ақша берді ме?» деген сұраққа Миттал «иә, мен 100 млн долларды «комиссия» ретінде бердім» айтқан. Өйткені оның қандай да бір жемқорлық схемаларына қатысқаны туралы ақпарат ол жақта да тараған. Мен эфирдің қысқа бөлігін көрсетті. Ағылшыншам жақсы болмаса да, 100 млн мен Машкеевичтің фамилиясы аталғаны жақсы есімде. Олар менен пікір алды», - дейді ол.