Бүгін, 11:08
Абрамович «Челси» клубын сатудан түскен ақшаны Украинаға аударудан бас тартты
Роман Абрамович «Челси» футбол клубын сатудан түскен 2,35 млрд фунт стерлингтің 1,4 млрд фунтын (€1,6 млрд) Украинаға аудару талабын орындамауды жоспарлап отыр.
Ұлыбритания премьер-министрі Кира Стармер барлық соманы аударуды сұраған еді.
Бизнесмен сотқа дайындалу үшін заңгерлер командасын жалдаған. Оның құрамында АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Эрик Хершманн да бар.Заңгерлердің айтуынша, ФК сатудан түскен қаражат қайырымдылық қорына берілмейді.
Еске салайық, Джерси соттары Абрамовичтің 5,3 млрд фунттан астам активін бермей отыр.