Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:16, 13 Қазан 2022

Әбу-Дабидің билеуші ​​өкілдері Маңғыстау облысында инвестициялық жобалар жүзеге асырмақ

None
None

 Бүгін, 13 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев БАӘ-нің ірі бизнесмендерінің бірі, Etihad Towers көп функционалды кешенінің иесі, “First Abu Dhabi Bank” акционері, Абу-Даби Әмірлігіндегі билеуші ​​отбасының өкілі Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзінің жеке дайындығымен қатар, БАӘ-нің басқа да ірі компанияларының қызығушылығын да  атап өтті.

 Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын негізге ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде инвестиция тарту бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап, жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті күш-жігерді салуға әзір екенін жеткізді.

 Кездесу барысында тараптар БАӘ мен Маңғыстау облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.

Тегтер: