Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 27 Маусым 2022

Абылай аспас Сарыбел

None
None

Қарағанды облысында атауы орыс тіліндегі Оскаров ауданының атауы өзгереді. Бұл аймақ енді Сарыбел аталатын болды.

Аудан атауын өзгертуге қатысты елді мекен тұрғындарына арналған коғамдық тыңдалым өткізілген болатын-ды. «Сельский труженик» газетінің хабарлауынша, қоғамдық тыңдалымға Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттағы тұрақты комиссиясының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Халықтың пікірін тыңдауға арналған жиналысқа екі жүз елуге жуық адам жиналды. Бұған дейін қоғамдық тыңдалым Молодежный елді мекенінде де өткен болатын-ды. Айта кету керек, осы Осакаров ауданында облыстың басқа өңірлеріне қарағанда, орысша аталған елді мекендер мен көшелер әлі де көп кездеседі.

– Мамыр айында ауыл және Молодежный елді мекенінің тұрғындары үшін қоғамдық тыңдалым өткен еді. Тыңдалымға қатысқан 692 адамның ішінде 671 тұрғын аудан атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады. 8 адам қарсы болса, 13 адам дауыс беруден қалыс қалды, – дейді Осакаров аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы Қанат Саққұлақов.Сондай-ақ халық қалаулысы тұрғындарға аудан атауы өзгерген кезде құжаттарға қатысты жеке тұлғаның шығын шығармайтынын жеткізді.Кейбір тарихи деректерде Осакаров ауданының бұрынғы атауы Сарыбел деп аталғаны көрсетілген. Тұрғындардың басым бөлігі Сарыбел деген атауға қарсы емес екендіктерін білдіреді. Қоғамдық тыңдалымнан кейін аудан атауын өзгертуге қатысты басқа да қадамдар жасала бастайды. 

Тегтер: