Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:45, 03 Шілде 2019

Абылай хан көрген түстің бізге қатысы жоқ

Түс сіздің қайда тұрғаныңызды,

қайда бара жатқаныңызды көрсетіп береді.

Ол сіздің тағдырыңызды көз алдыңызға алып келеді.

Карл Юнг

Қазақ апатиясының себептерін әркім өзінше түсіндіріпкеледі. Олардың кейбіреулері жалпылама сипат алып кеткен сүлесоқтықтытарихи-мистикалық тұрғыдан түсіндірмек болады. Бұқаралық санадағы тұмандысейілту үшін солардың бірінің мәнін аша кету қажет деп есептеймін.

Ақпарат кеңістігіндегі үрейлі бұлқыныстардың ішіндегі бұқаралықсанада мазасыздық тудырып жүргендерінің бірі мынау: Абылай түс көріпті, түсіндежаман іс көріпті. Оған алаңдаған адамдардың көзімен қарасақ, бәрі шынайы болыпжатқан сияқты. Ханның түсіне жору жасай отырып, мұңлы сарынға түсіп алып, сарыуайымға батып жатады. Қоғамда болып жатқан әр келеңсіз оқиғаны, құбылыстыАбылайдың түсіндегінің өңінде болып жатқанындай көреді. Сырттай қарағанда, қазіргіҚазақстанның даму барысында бәрі келіп тұрған сияқты.

Нағызында, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, әлеуметтік,көбінесе рухани аяларда түрлі келеңсіз көріністердің, кейде қауіпті, кейде тығырыққатірелген жағдайлардың, қайта оралмайтын межеден өтіп кеткен сияқты болып көрінетінқұбылыстардың да болып жатқаны рас. Жемқорлықтың әбден басынған сипат алуы, бұқараныңәлеуметтік белсенділігін жоғалтуы, әрекетқабілетті саяси ұйым құра алмауы, мүддесінқорғай алмауы,… түстегі «құрт-құмырсқа, бақа-шаянға» айналудың көрінісі емесдеп кім айта алады?

Енді осы түстің ел арасында таралып кеткен жорылуына қатыстымыналарды алға тартқым келеді. Философия былай түсіндіреді: ештеңе де мәңгілікемес. Барлық құблыстар мен үдерістер басталады, дамиды және аяқталады. Демек, дүниедегініңбәрі белгілі бір әлемдік уақыт шеңберінде өмір сүреді. Олай болса, біріншікезекте Абылай ханның түсінің әрекет ету мерзімі де тарихи шектеулі екенін ойғатүйіп алу керек. Бұл жердегі келесі маңызды мәселе түстің сюжетіндегі оқиғалардыңкімге қатысты екенін –  Абылайдың өзінің ұрпақтарынама, әлде басқару институты ретіндегі оның хандық династиясына ма, әлде қазақтыңжері мен оның халқына ма – соларды ажыратып алу болып табылады. Үшінші басқыштаханның түсінің шынайылыққа айналуының тарихи мерзімін анықтау керек.

Жоғарыда келтірілген сұрақтардың жауаптарын табу үшіналдымен бізге жеткен түс мәтінін зерделеп көру керек. Түстің мазмұнынан алдыменоның Абылайдың өзіне, ұрпағына және оның хандық династиясына қатысты екенін көреміз.Қазақ тарихында бұл Алтын Орданың тарих сахнасына шығуынан бастап XX ғасырдыңбасына дейінгі кезеңді қамтиды.

Тарихи анықтама:

1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли хандар дүниеден озғаннанкейін орта жүзде жаңа хандар бекітілген жоқ. Қалыптасқан ахуал хандық биліктіжою және орта жүзді басқарудың жаңа жүйесін енгізу жағдайын жасап берді. 1822жылы қабылданған «Сібір қырғыздарының жарғысы» бойынша қазақтың дәстүрлі саясижүйесі бұзылды, Қазақстанның солтүстік-шығысында әкімшілік, соттық және аумақтықбасқару өзгертілді. Енді Орта жүз ауылдарға, болыстарға, округтерге бөлінетінболды. (kaz-ekzams.ru/istoriya-kazaxstana/uchebniki-po-istorii-kazaxstana).

Кейінрек хандық билікті жоюға қатысты ережелер қазақтардыңөзге жүздеріне де таралды. 1856 жылы Қазақстанның Ресей патшалығының құрамынатолық қосылуы аяқталды. Алматы Ресей империясының оңтүстік-шығысындағы сенімді(Верный) форпостына айналды.

Абылайдың түсінде өркениет аренасына Алтын Орданың шығуынанбастап Қазақстанда отарлық жүйенің толық орнығуына дейінгі тарихтың қысқахронологиясы мазмұндалады. Хан өзінің құдіретті бабалары орнатқан ұлы империятуралы ойлаған. Әйгілі Шыңғыс хан құрған империя Абылайдың түсіне «арыстан»болып енген. «Арыстанның» билік құрған уақыты Алтын Орданың құрылу және дәуірлеукезеңіне сай келеді. Сонан кейін XIV ғасырдың 80 жылдарынан XV ғасырдың екіншіжартысына дейінгі кезеңде ұлы империяның біртіндеп әлсіреп, жеке мемлекеттергебөлініп кеткені белгілі. Солай болса да, бұл мемлекеттік құрылымдар жеткіліктікүшті болып тұрды. Ханның түсіне олар «жолбарыс» болып енді. Ал «Қасқырдың» басқаруықазақ хандығының пайда болып, тарих сахнасына шығуына сәйкес келеді. Ол XV ғасырдыңекінші жартысынан 1730 жылға дейінгі аралықты қамтиды. «Қасқыр» деп отырғаныКерей мен Жәнібек хандар және олардың ізбасарлары. 1731–1856 жылдар аралығы «Түлкінің»– басқарған жылдары. Абылай ханның өзінің өмірі мен қызметі (хандық құрғанжылдары 1771-1781) осы уақыттық рамкаға енеді.

«Түлкі» бейнесінде Абылай өзін көріп отыр. Нағызында да,оған екі алыптың – Терістіктің аюы мен Шығыстың аждаһасының арасында өз елініңеркіндігін қамтамасыз ете алмай, түлкібұлғалаққа салып өмір сүруге тура келді.Абылай қайтыс болғаннан кейін, небәрі 40 жыл өте салып, Орыс императоры ҚазақОрдасында хандарды бекітуді доғарды. Осылай, Абылай өңінде не туралы ойласа, түсіндесоның символдық суретін көрген.

Абылайдың көргені көреген түс емес. Онда ешқандай аян жоқ.Түсінде ол тек өзінің хандығының кешегісін, қазіргісін және таяудағы келешегінкөрген. Бұлардың бәрі – өзінің бас қатырып жүрген ойлары. Оны мазалаған, өңіндесана қалтарысында ұялаған хандығының жанкешті жағдайы түсінде, кәдімгіфизиология заңдарына сәйкес, айнадағыдай «экрандалған». Ханның ұрпақтарыныңбиліктен айырылып қалатынын көруі де ешқандай көрегендікке жатпайды. Өйткені,Абылайдың өзінің хандық құрып тұрған жылдардағы Қазақстанда қалыптасқан саясиахуалдан туындатқанда, елдің таяуда тәуелсіздігінен толық айырылатынын сезу ешкімгеқиындық тудырмасы белгілі.

Бұдан ары Абылайдың түсінің сюжеті бойынша хандықбиліксіз, Ресейге бағынышты кезең басталады. Бұл – қазақ қоғамының орта және төменгібасқару органдарында «құрт-құмырсқа, бақа-шаянның» үстемдік құрған заманы. Бұлкезең 1856-1904 жылдарды қамтиды. Бұл – қазақ қоғамының депрессиясының табаны, құлдыраудыңтөменгі нүктесі, қазақ тарихының түнек басқан кезеңі. Бұл кезең абыз Абайдың өмірсүріп, қызмет еткен жылдарына сәйкес келеді. Абай қазақтарды басқарған «ұсақ жәндіктерді»«өңкей қиқым, кетірді елдің сыйқын» деп сипаттады.

Сонымен, үрейлі түстің әрекет мерзімі XX ғсырдың басынадейінгі кезеңмен, елдің Ресейдің қарауына толық өтуімен, жоғарғы биліктенайырылып, орта және төменгі деңгейдегі басқару буындарына патша әкімшілігіне жағыныпорын алған шенеуніктердің келуімен тәмамдалады. Қазақстанның ары қарайғы тағдыры туралы түс мәтінінде еш сөз де, сілтемеде жоқ. Қазақ халқының 1905 жылдан кейінгі тарихы түс сюжеті шеңберінен шығыпкетеді. Сондықтан қазіргі тарихқа қатысты түс мәтінінен туындатып,  үрейге салынатын тұтам жоқ. Ол түсті ескеалып, скептицизмге бой алдырудың қажеті жоқ.

Қанағат ЖҮКЕШЕВТІҢ «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(жалғасы бар)

Фото: kokshetau.asia

Тегтер: