Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 10 Наурыз 2020

Абыздар бір-бірін жау көрсе, ұл-қыздары қалай ғана дос болмақ?

Бірде күйіп кеткеннен «Қазақтың мықтылығы мен осалдығыбір-ақ нәрседе – бәрі шетінен мықты, соның салдарынан бірін-бірі тыңдамайды,бірінің ойын екіншісі құптамайды» деп айтып салғаным бар.

Сөйтсем, тек мен ғанабұлай ойламайды екенмін.

     Қазақстанныңхалық жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов ағамыз жуырда «Жас Алаш»газетінде жарияланған «Орбұлақ шайқасы» деген тарихта болған емес» деген мақаласында:«… Ал қазақтың сарыаурудай созылған дау-дамайы оған мүлде ұқсамайды, жуырмаңдабітпейді, жаңармайды. Өйткені бізде сөзге тоқтау, уәжге жығылу деген ата салты әлдеқашанұмытылған. Сондықтан әлдебір бітпес дауға неше қайта араласуға тура келеді», –деп жазды.     Әлгі мақаладағы: «Менің тарихқа байланыстытартысқа жиі түсетінім сөзқұмарлығымнан не дауқұмарлығымнан емес, соған өмірдіңөзі итермелейді. Бүгінге дейін менің талай уақытым ақиқат үшін алысумен, шындықүшін шырылдаумен өтіп келеді. Бірақ, амал қанша, біздегі адам санасы оңайшылықпенөзгерер түрі жоқ. Сен алысып жүріп бір өтіріктің бетін қайтарсаң, екіншібіреулер қоғам өміріне өтірікті үйірімен енгізіп жатады» дегені мұның айқын дәлелі.Демек, бұл мінездердің жаман болмағаны ғой. Егер жаман болғанда Қабдеш ағамхалық жазушысы атанбас еді.     Әрі қарай автор университетті біргебітірген курстас досы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржекеевқаотыз жыл бойы осы Орбұлақ шайқасына қатысты қисынды көзқарасын ұғындыра алмайкеле жатқанын айтып, жақында ғана көрерменге ұсынылған осы аттас фильмге көзқарасынбілдіреді. Шынын айтсам, бұл фильмге менің де көңілім онша толмап еді. Бірақ әріқарай мен бұл мақала жайлы айтуды қойып, жоғарыда, бірінші сөйлемде айтылған ұлттықбірлік және оған ұлт зиялылары қалай ықпал ететіндігі жайлы өз ойымды ортағасалғым келеді.

     2019жылы 11 наурыз күні 365info.kz сайтында «Елін-жерін сатқан Әбілқайыр ханнан ғұламажасау кімге қажет?» деген пікір жарияланды. Онда: «Сөздің қысқасы, Әбілқайырхан туралы қазақтың мүйізі қарағайдай жазушысы Қабдеш Жұмаділ «Таңғажайып дүние»атты ғұмырнамалық романында былай деп жаза кетіпті: «Тарихи деректерді саралайкелгенде, ХVІІІ ғасырдағы басты уақиға – біреулер айтып жүргендей, Қазақстанның«өз еркімен» Ресейге қосылуы емес, қазақ халқының жоңғарға, тағы да басқа басқыншыларғақарсы жүргізген азаттық соғысы екені анықталды. Ал ғасырдың басты тұлғасы –елін-жерін сатып, бодандық жолын бастаған, екіжүзді Әбілқайыр емес, қазақжерінің азаттығы, бүтіндігі жолында қан төккен Абылай хан мен оның төңірегінетоптасқан қолбасы батырлар деген қорытындыға келдік. Әбілқайырдың ақ патшағахат жазып, көршінің қолтығына тығылуы ел қамын ойлаған зәруліктен емес, басындағыбағын, астындағы тағын күйттеген сатқындықтан, өзімшілдіктен туыпты. Қазақ халқысол заманның өзінде-ақ оның ісін осылай бағалаған.    Асыл текті Барақ сұлтан Әбілқайырдыжекпе-жекте жеңіп, басын алған кезде қазақтың үш жүзінен құралған жеті бидіңсоты оны ақтап жіберген екен. Осы оқиғадан кейін абыройы асқан Барақты Ұлы жүзбилері оңтүстікке шақырып, өздеріне хан көтермек болуы да көп нәрсені аңғартсакерек. Бір таңғаларлық нәрсе, сол заманда Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Баян,Ер Жәнібек, Еспембет, Есенгелді батырлар туралы неше алуан мадақ жырлар шыққандаӘбілқайыр хан жайында бір ауыз өлең тумапты. Демек, дана халықтың кімдерге алғыс,кімге қарғыс айтқанын осыдан-ақ аңғаруға болады», – дейді. Бұған біздің алып-қосарымызжоқ», – депті Дарын Заманбайұлы есімді замандасымыз.    Жарайды, Әбілқайыр хан ұлт тарихындағыайтулы тұлға болмай-ақ қойсын, бірақ оны «елін-жерін сатып, бодандық жолынбастаған, екіжүзді» деп осынша тұқыртатын болсақ, тәуелсіз ел атанғанымызға 30жыл өтіп, оны бүкіл әлем таныса да, әлі күнге орыс тілі үстемдік құрып, иенбайлыққа өзіміз иелік ете алмай отырғанымызды қалай бағалаймыз?! Неге онда солсаясат әлі күнге жалғасып келе жатыр?!     2018 жылы 12 қараша күні «Қазақ үні»газетінде танымал журналист Тоқтар Жақаштың «Қабдештің ата жауы Әбдіжәміл Нұрпейісовекен» деген пікірі басылды. Ол Қамшы.kz порталында да жарияланған еді. «Қайбіржылы Өскеменнен іссапардан кері қайттым. Жаңғызтөбеге таксилетіп келіп, Семей–Алматыбағытындағы пойызға міндім. Менің қуанышыма орай, көрші купеде кіл ақын-жазушыларкеле жатыр екен. Қуанып кеттім. Әсіресе Қабдеш ағамыз бүкіл жұртты аузына қаратып,әңгімені соғып келеді. Тыңдаушы бірнеше адам. Бауыржан Жақып, Есенғали Раушан,Мамытбек Қалдыбай есімде. Басқаларын ұмытыппын.     Сөйтсем, ақын-жазушылардың СемейдегіШәкәрімнің тойынан қайтқан беті екен. Шетте Қабекеңнің әңгімесін тыңдап отырғам.Кенет Қабдеш маған қарап тұрды да:– Әй, бала! Сен қайдан боласың? – деді.Ойымда дәнеңе жоқ, іссапардан қайтып келе жатқанымды айттым.– Жоқ, туған жерің қайдан деп сұрап тұрмын, – деді.– Аға, Шымкенттен боламын.– Шымкенттің қай жағы?– Созақтанмын.– Созақтан болсаң, қоңырат шығарсың?– Жоқ, аға. Тама боламын.   Сол-ақ екен, ағамның көзі сүзеген бұқаныңкөзіндей алайып шыға келді де, айқай салды:– Ә-ә-ә! Сен шпион екенсің ғой! Менің ата жауым сені арамызға әдейі жібергенекен ғой. Бар! Шық купеден! – деп баж ете қалды.    Басында әзілі шығар деп мән бермейотыра бергем. Өйткені Қабдештің кіммен жауласып, кіммен айтысып жүргенінде нешаруам бар? Сөйтсем, ақсақал екіленіп қоятын түрі жоқ.– Мен ары қарай ештеңе айтпаймын! Мына шпионды шығарып жіберіңдер! – деп үдетіпбарады.     Басқалар да мен сияқты түсінбей қалды.Жымиып, үндемей отыр. Мамытбек ағам сыртқа жетектеп алып шықты да: «Бұл қиқаршал. Шын ниетімен айтып отыр. Жүйкесін жұқартпай-ақ қойшы», – дегесін, өзкупеме кеттім.     Кейін Қабдештің «ата жауы» кімекенін білдім. Сөйтсем, Кіші жүзден шыққан Әбдіжәміл Нұрпейісов екен. Сөйтіп,ойда-жоқта «титандардың» соғысы арасында жазықсыз жапа шеге жаздағаным бар.Бірақ бұдан мен тек Қабдеш Жұмаділов қана рушыл деген ойға келген жоқпын.Осы бір мысалдан біздің зиялы қауым арасындағы кеселдің тым терең, тым дендепкеткенін ғана білдім», – дейді әріптесіміз.     Сонда қалай? Ғасырлар бойы қазақтыжер бетінен жойып жіберуді армандап, ақырында өзі құрып кеткен кешегі жоңғар,тілімізден, ділімізден, бүкіл ұлттық ерекшеліктерімізден айырғысы келген басқабасқыншылар ата жау емес те, қазақтың ұлы, өз туысы Қабдеш ағамыздың ата жауыболғаны ма?! Онда абыз ақсақал, қоғам қайраткері, халық жазушысы деп жүрген Қабдешағамыздың өзі әлі рулық санадан әрі кете алмай жүргені ме?! Әлгі әріптесіміздің«бұдан мен тек Қабдеш Жұмаділов қана рушыл деген ойға келген жоқпын, біздіңзиялы қауым арасындағы кеселдің тым терең, тым дендеп кеткенін ғана білдім»дегеніне қарағанда, бүкіл зиялы қауым осы деңгейде деуге болатын сияқты.     Біз қазір қазақ халқы ең ауыр нәубетке,қуғын-сүргінге, репрессияға ұшыраған халық дейміз. Неге солай болғанын тек қанакоммунистік қызыл саясаттың кесірінен деп түсінеміз. Осыған байланысты бір оқиғаесіме түсіп тұр. Мен 1981 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы университеттіңжурналистика факультетіне оқуға түстім. Ұмытпасам, қазан айының 17-сі болуыкерек, қазақ тобындағы 50 студент Әуезов атындағы театрда отты ақын ҚасымАманжоловтың 70 жылдық мерейтойына орай өткен кешке қатыстық. Кеште халық әртісіАсқар Тоқпанов атамыз: «Қазақтың қаншама арыстары атылып кетті дейсіңдер. Сондаатқан кім? Аттырған кім?» – деп сұрақ қойды да, өзі сол сұрағына: «Атқан –Иванов! Аттырған – Қаратаев!» – деп жауап берді.    Бұл нені аңдатады? Бұл қазақтыңежелден келе жатқан «Жау іштен алады» деген сөзі бекер айтылмағанын, қазақзиялыларының арасында бірлік, бірін-бірі тыңдау, уәжге тоқтау болмағанынбілдіреді.     Негізінде, қарапайым қара халық ешқашан бөлінбейді.Оларға «кедейлігінен» басқа жоғалтатын еш нәрсе жоқ. Менің пікірімше, елді, ұлттыбірлікке бастайтын да, сол асыл бірлікті таптайтын да – ұлт зиялылары менбилікте отырған шенділер. «Жаман әдет жұққыш келеді» деп, бұл індет осылай қоғамдышарпиды. Өзіңіз ойлап көріңізші, ұлтқа ұйытқы болар абыздарымыз бірін-бірі жаукөрсе, ұл-қыздары қалай ғана дос болмақ, сонда?!Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,мәдениет қайраткері

Тегтер: