Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша Олимпиаданың ширек финалына өтті
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 500 метр қашықтыққа іріктеу жарыстары өтті.
Бұл туралы Kazinform жазды.
Екінші іріктеу жарысында қазақстандық Абзал Әжғалиев бақ сынады. Ол жарыс барысында күту тактикасын таңдады: қарсыластарына өзара тартысқа түсуге мүмкіндік беріп, қашықтықтың шешуші сәтін күтті. Түркия спортшысы Фуркан Акар мен латвиялық Рейнис Берзиньш құлағаннан кейін Әжғалиев қарқынын үдетіп, өз жарысын бірінші болып аяқтады. Оның соңынан италиялық Пьетро Сигнель мәре сызығын кесті.
Денис Никиша үшінші жарысқа қатысты. Ол соңғы бұрылысына дейін канадалық Стивен Дюбуаға ілесе екінші болып келе жатқан. Алайда шешуші сәтте Венгрия намысын қорғайтын Вон Чжун Мон алға шығып кетті. Соған қарамастан, үшінші орын алған Денис Никиша күннің ең жылдам спортшыларының бірі ретінде ширек финалға жолдама алды.
Бұған дейін қазақстандық Надежда Морозова конькимен жүгіруден Олимпиада чемпионын басып озып, үздік ондыққа енгені хабарланған еді.