Адал заңгер еді. Түркияда қаза тапқан қазақстандықтың кім екені анықталды
Түркияда ірі апаттан қаза тапқан ер адам маңғыстаулық заңгер екені анықталды. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Басылым марқұмның 49 жастағы Маңғыстау тұрғыны, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының адвокаты Кенже Мұңайтпасұлы екенін хабарлады.
Ол 2018 жылы Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылданған. Бұған дейін 2002-2013 жылдар аралығында прокуратура органдарында жұмыс істеген.
Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Мұсаев пен әріптестері марқұмның отбасына көңіл айтты.
«Кенже Мұңайтпасұлының қаза тапқаны туралы хабар бізді қатты қынжылтты. Ол өте принципшіл, адал заңгер, ерекше кәсіби маман еді», — деді Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Мұсаев.
айта кетейік, Алания облысында туристік шағын автобус пен жүк көлігінің соғысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған болатын. Туристік шағын автобус жүргізушісі мен гид оқиға орнында қаза тапқаны анықталды. Оқиғада 6-уы ауыр жарақат алған 12 турист Алания және Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілген.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Аланияда қазақстандықтар болған шағын автобус бен жүк көлігіні жол апатын растады. Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан келетін туристердің жағдайы туралы айтты.
Кейін түрік ақпарат құралдары микроавтобус апатының видеосын жариялады.
Жексенбі, 30 шілдеде Түркияда Аланиядағы оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған қазақстандық турист көз жұмды.