"Адам азаптады" деп айыпталған полицейлердің туыстары наразылық білдірді

19.02.2020, 12:00

30

Ақтөбеде «адам азаптады» деп сотталып, кейін апелляция алқасы ақтап шыққан 4 полиция қызметкерінің туыстары 19 ақпан күні наразылық білдірді. Алдымен Ақтөбе облыстық сотының ғимаратына, одан кейін облыс әкімдігіне барған ондаған адам Жоғарғы соттың 18 ақпан күнгі қаулысын жоюды талап етті.

-18 ақпан күні кассациялық алқа жәбірленуші тараптың шағымын қарап, апелляция алқасы шығарған қаулы күшін жойсын, алғашқы инстанция үкімі күшіне енсін деп шешкен. Менің інім Марат Темірғалиев пен әріптестері әдеттегідей күні-түні жұмыста жүріп, кассациялық алқаның отырысына бара алмады. Сотқа Ақтөбеде отырып, онлайн қатысты. Яғни, өздерін қорғайтындай мүмкіндіктері болмады, — дейді наразылардың бірі Данияр Темірғалиев Азаттық тілшісіне.

2019 жылғы 6 қыркүйек күні қалалық сот үкімімен 5 жылға сотталып, кейін апелляция алқасы ақтаған полиция майоры Руслан Есановтың анасы Әсия Мырзабекова кассациялық алқаның 18 ақпан күнгі қаулысын әділетсіз деп санайды. «Баламды қорғау үшін ештеңеден де тайынбаймын. Аштық жариялап, өзімді-өзім өртеуге де дайынмын» дейді ол.

Ақтөбе облыстық сотының ғимаратынан наразы топпен сөйлесуге ешкім шықпады. Соттың баспасөз қызметі Азаттыққа «Жоғарғы соттың қаулысына түсініктеме бере алмаймыз» деді. Полицейлердің туыстарын сырттан бірнеше полиция қызметкері бақылап тұрды. Наразы топ облыстық соттан кейін облыс әкімдігіне барды.

Ақтөбе облыстық соты маңындағы жиынға «адам азаптады» деп істі болған полиция қызметкерлері келмеді. Туыстарының сөзінше, олар 18 ақпаннан бастап қызметтерінен шеттетілген.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Департаментке әлі кассациялық алқаның қаулысы келіп түскен жоқ. Сондықтан Руслан Есанов, Марат Темірғалиев, Дастан Ходжибаев пен Асылбек Таласбаев әзір жұмыстарын атқарып жүр» деді.

Азаттық тілшісі «мені полиция қызметкерлері азаптады» деп сотқа шағымданған Руслан Құлмұқанбетовпен байланыса алмады. Сәрсенбі күні жәбірленушінің телефоны сөніп тұрды.

Ақтөбедегі наразылық акциясына қатысты телефонмен берген сұқбатында Жоғарғы соттың баспасөз қызметі «Ең алдымен біз азаматтарды сабырға шақырамыз. Кассациялық алқа қаулысымен келіспеген жағдайда олар Жоғарғы сот төрағасына өтініш жазуға құқылы. Егер негіз болса, Жоғарғы сот төрағасы кассациялық алқаға ұсыным беріп, іс қайта қаралуы мүмкін» деді.

2019 жылғы 6 қыркүйек күні Ақтөбе қалалық соты «адам азаптады» деп айыпталған майор Руслан Есанов пен Марат Темірғалиевке – бес жыл, Дастан Ходжибаев пен Асылбек Таласбаевқа төрт жылдық түрме жазасын кескен. Оларды майор, аға лейтенант, лейтенант шендерінен де айырған еді. Сол жылы 28 қазан күні апелляциялық алқа полиция қызметкерлерін ақтап шықты. Осыдан кейін жәбірленуші тарап кассациялық алқаға шағымданған.

Оқи отырыңыз: Түрмеге кесілген төрт полицейдің ақталуы жәбірленушіні тіксінтті

Тергеу материалдарында Ақтөбе қаласындағы №4 полиция бөлімі басшысының орынбасары, майор Руслан Есанов өз қарамағындағы үш қызметкерімен бірге қала тұрғынын азаптағаны айтылады. Олар әлгі тұрғынның басына пакет кигізіп, оған жұдырық жұмсаған, психологиялық қысым көрсеткен делінеді. Тергеу материалында олардың күш қолданып, қатысы жоқ ұрлықты мойындатуға тырысқаны көрсетілген. Полиция қызметкерлері өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05