Адам тағдыры

Солтүстіктіңкөктемі ертерек келгенімен, ауа райы суық, ызғырық жел денеңді тітіркендіріп, көшедеемін-еркін жүруіңе қолайсыздық тудырады.
Жұмысқа уақытында келіп, орныма отырабергенім сол еді, алдымдағы телефон шыр ете қалды.
– Бейсенғазы, сені Утков шақырып жатыр, – деді хатшы қызтелефонның ар жағынан.
Екінші қабаттағыаудан әкімінің орынбасары Александр Иванович Утков мен есіктен көрінгеннен-ақ:
– Бейсенғазы, саған арнайы тапсырма бар, мен көрші ауданғажұмыс барысымен бара жатырмын. Ертең – сотталып, мерзімі аяқталғандардыкомиссия арқылы босататын күн. Сол комиссия құрамында болып, менің орныма барыпкел. Аудандық прокуратурадан және соттан адамдар барады, солармен бірге, – деді.
Есіл қаласынан35 шақырымдай қашықтықта орналасқан Красногорск қаласының дәл іргесіндегісотталғандардың мерзімін өтейтін колонияға жүріп кеттік. Красногорск ол кездетікелей Мәскеуге қарайтын республикадағы бірден-бір уран өндіретін жабық қалаболатын. Кеніште, негізінен, жазасын өтеушілер еңбек ететін. Бұрын естігенімболмаса, бұл жаққа аттап басқан емеспін. Әр бұрышында күзет мұнарасы бар,атшаптырым аумаққа орналасқан, тікенек сыммен қоршалған, ұзыннан-ұзақ қатар-қатарсалынған сұп-сұр барақтарды көргенде, адам жүрегі шымырлайды екен. «Қылмысжасап, жарты өміріңді мынадай жерде өткізу сұмдық екен-ау» деп ойладым ішімнен.
Бізді қарсы алғанбірнеше әскери адам тобымызды асханаға алып барып, жеңіл-желпі шай беріп, қайтаданкеңсеге алып келді. Кеңсенің алдына біраз адам жиналып қалған екен. Тегі, бүгінгібосатылатындардың ата-аналары, туған-туыстары болар деп шамаладым. Аудан орталығынанкелген бес-алты адам залға келіп жайғастық. Лагерьдің бастығы және тағы бір-екіофицер қасымызға келіп отырды. Жазасын өтеп болғандар бір-бірлеп кіріп,комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, енді қылмыс жасамайтын болыпант-су ішіп, құжатын алып шығып кетіп жатты. Біраз адамды еркіндікке жібергенсоң, комиссия мүшелері түстік ішіп алайық деп шешті. Осыдан кейін бірнеше жігіттемекі шегуге есік алдына шыққан болатын. Солармен бірге мен де шықтым. Қасымыздатұрған осында қызмет ететін әскери азамат:
– Кеше лагерьде төбелес болып, біреудің иығын шығарып, қабырғасыныңастына шеге тығып алыпты. Соның иығын салып, жарасына ота жасатып, медициналықбөлімге жатқызып қойдық. Соның жағдайын біліп келейін, – деді.
Солай қарайкетіп бара жатып: «Ол өзі дұрыс орысша сөйлей алмайды», – деді. Құлағым елеңдеп,«мен де барып келейін» дедім қасымдағыларға. Олар жаратпай қарағанымен, өзіңбілесің дегендей болды. Кішігірім медициналық бөлім орналасқан ғимаратқа келіпкірдік. Төрдегі оңаша бөлменің есігін ашып, төсекте жатқан ұзындау келген ірі денеліжігіттің жанына келдік. «Қалың қалай?» –деді мені ерте келген адам. – «Тәуірмін, Григорий», – деді анау ақырын ғана. Сәлденсоң «мынауың кім» дегендей маған қарады.
–Комиссия мүшесі ғой. Жарайды, Әпди, сен емдел, – деп,жанымдағы шығып кетті. Журналистік қызығушылықпен болған жайдың анық-қанығынбілейін деп, төсектің жанындағы орындыққа отыра беріп:
– Атыңыз кім? – деп сұрадым. Анау бұны не қылмақсыңдегендей қарады да: – Әпдімәмет, – деді.
–Қай жақтансың? –дедім тағы да ерсілеу сұрақ қойып.
– Оңтүстіктен, – ол біраз үндемей қалды.
–Қай статьямен түсіпедіңіз?
– Інім, оның бәрін сұрап қайтесің, саған қызық па? – деп Әпдімәметжаратпай қалды.
Аз үнсіздіктен кейін:
– Өзің қайда істейсің? – деді маған төтесінен.
– Аудан әкімшілігінде.
Жазасын өтеуші маған үміттенгендей қарады.
– Көмегің тие ме,тимей ме, оны сұрамай-ақ қояйын, бірақ білгің келсе, мен айтып берейін. Мүмкін,дүниеде менің осындай халге душар болғанымды бір адамның біліп жүргені де дұрысшығар. Қысқартып айтып берейін, жұмысыңнан қалып қалма, – деді қоңыр үнмен.
– Мен бұл іске өзімнің аңғалдығымнан, әркімді аяп-мүсіркепжүретіндігімнен тап болдым. Әйтпесе қылмыс жасау немесе осы ісім қылмысқажатады-ау деген ой еш уақытта санамдаболған емес. Бәрі туған інімнің етегі қанамаған әйелінен болды. Менің отбасымдаүш ұл, бір қыз бар. Әйелім өмір бойы медбике болып істеп келе жатқан. Оныңмінезі ұстамды, мейірімді болатын. Жарасымды едік, – деген Әпдімәмет осы арадасәл-пәл күрсініп қалды. Үй іші есіне түсті-ау деймін, аз уақыт үндемеді. – Ініммен оның әйелінің тексерілмеген дәрігері қалмады. Алматыға жыл сайын барып қаралыпжүрді. Жұбайым да екеуін жетектеп алып барып жүрді. Бірақ інімнің шаңырағынабір бала бұйырмады. Үйленгендеріне алты-жеті жылға аяқ басты. Жалғыз інім болғансоң, басқа біреуді алып бермек болдым. Оған ол көнбеді. «Кенжегүлді ұнатам» депболмады. Қолдан келер амал қайсы, өстіп жүріп жаттық. Екеуміз бір әке-шешеденбіз,менің бала-шағам бар, шүкір, бұның белі қайда кеткен деп ылғи ойлайтынмын.Артынан ұрпақ еріп жүрсе, дұрыс болар еді-ау дейтінмін іштей. Кенжегүл біздің үйгеүнемі келіп тұратын. Әйеліме көмектесіп, үй ішін жинап, кейде бөлмелерді ақтапберіп жүретін. Екеуінің шай ішіп, оңаша ықыласпен сөйлесіп отыратынын талай байқадым.Мені көрсе сыпайылық танытып сәлем беретін. Кейде көзінің астымен жылы жымиып қарайтыныбар. Өзі толықтау келген, сымбатты келіншек еді. Інім көлік жүргізуші, «КамАЗ»айдайтын. Бірде санама сайтан ойдың келгені. «Ақыры, інім басқа ешкімге үйленгісікелмейді. Өстіп осылар өмір бойы жүре бермек пе?! Өзім жақындап көрсем қайтеді?!Қанымыз бір емес пе? Тіпті бала болып жатса, ініме ұқсап туар» деп ойлайтынмын.Алдағы уақытта балалары болса, аралары суымай, өздеріне ермек болар дедімішімнен.
Бірде әйелімбірер күнге тойға төркініне кетті де, үйде өзім қалдым. Балаларым Алматыда,Шымкентте жұмыс істейді, оқу оқиды. Өзім көкөніс өсірем, соны күзде саудаға шығарам.Өзіңіз білесіз, біздің оңтүстікте елдің көпшілігі бау-бақшамен айналысып, өнімінреспубликамыздың түкпір-түкпіріне апарып, өткізіп келеді. Сөйтіп, отбасынасырайды. Менің де шаруам осы. Бір күні даладан үйге шаршап келіп ұйықтап қалыппын.«Аға, шай ішіңіз» деді біреу қасымнан. Көзімді ашсам – Кенжегүл. Тегі, әйелім «үйішіне қарап, ағаңа тамақ дайындап беріп жүр» деген болар. Өзі сүп-сүйкімді. Мағанқарап иіліп тұр. Қолынан шап беріп ұстап, өзіме қарай тартып қалдым. Құшақтағанымдыбілем. Сәл-пәл бұлқынған болды. Бірақ көп қарсылық көрсетпеді. Ойыма келгеніністеп, орнымнан тұрып кеттім. Есік алдына шығып, жуынып-шайынып, есімді жинап,біраз жүріп үйге қайта кірдім. Терезеден түскен сәуледен балтыры атластайжылтырап Кенжегүл әлі де орнында жылап жатыр. Көйлегін төмен түсірдім. Жаңағыбір оғаш істен өзімді ұят қысып барады. Барып тұрған ақымақ екенмін-ау депойладым. Әрі-бері уатқаныма көнбеді. Жанына шалқалап жатқам, ұйықтап кетіппін.Бір уақытта селк етіп оянып жан-жағыма қарасам, Кенжегүл көрінбейді. Сасқанымнанорнымнан атып тұрдым. Бөлмелерді аралап таба алмай, есік алдына шықтым. Ешкім көрінбейді.Тек гараждың есігі ашық тұр. Келіп қарасам, астына орындық қойып, арқаннанілмек жасап, мойнына салып жатыр. Шырылдап жүгіріп келіп көтеріп алдымда,мойнындағы арқан ілмекті алып тастадым. Келіншек сұп-сұр, сазарып алған, үндемейді.«Кенжегүл-ау, араларың суынып кетпесін, бала болсын деген ой еді. Арсыздығым үшінкешірші», – деп еңіреп жылап жібергенім есімде.
Келіншекорнында отырып-отырып:
– Егер бала көтеріпқалсам, мен ініңізге не деймін?! Оған қай бетіммен қараймын?! – Ол ашуланып сөйледі.
– Оған ештеңе айтпа! Тіпті бала болса, біздіңтұқымға ұқсап туары анық, – деппін.
– Ойыңыз қандайарам еді. Апай сізге қайтып шыдап жүрген, – ол басқа ештеңе айтпастан шығыпкетті. Арада бірнеше күн өтті. Төркініне кетіп қала ма деп едім, кетпеді. Үйлеріндежүріп жатты. Уақыт жылжып өте берді. Көкөністі жинайтын мезгілдің таянған шағы.Егістікте жүргенмін. Мотоцикл мінген біреу көлігін дырылдатып егістіктің қасынакеліп тоқтады. Қарасам, Кенжегүл. Ер адамдай киініп алған. Мотоцикл інімдікі.Тегі, үйде болмаған-ау.
– Әпдімәмет, – деді келіншек төтесінен. Бұрын «аға»дейтін. – Менің аяғым ауыр, ініңе не деймін?
–Оған ештеңеайтпа, бала өзіңдікі деп айт, – деппін сасқанымнан.
– Оған сене ме?! Ол оңайлықпен сенбейді ғой.
–Сендір, – дедім оған басқа сөз таба алмай. Ол мағанбіраз қарап тұрды да, мотоцикліне мініп кетті де қалды. Күні бойы егістікте жүріп,түрлі ойдан қатты қиналдым. Бір күні жұмыстан үйге келсем, әйелім қаттыабыржулы күйде «сені сотқа шақырып жатыр» дегені.
– Егістікте біреумен суға таласып, төбелескен жоқсың ба?
Жүрегім тас төбемненшықты. Ертеңінде сотқа бардым. Інім сонда жүр. Қабағы қатулы. Содан кейін неболды дейсің ғой. Сотталдым. Он алты жылға! Әйел зорлады деген айыппен. Інім қайта-қайтамазасын алып қысқан соң, келіншегі айтып қойған екен. Сөз, өсек Мақтааралды өрттейқаулады. Осылай қарай айдаларда әйелімнің жылап: «Сенен ажырасамын, оңбаған», –деп айқайлағаны көңіліме қатты батты. Бар жағдайосы, інім, – деп, Әпдімәмет біраз үндемей қалды. – Кейіннен осында жүріпестідім, әйелім ажырасуға өтініш беріпті, інім ажырасыпты. Ол қазір төркініндекөрінеді.
– Бейсенғазы, сенішақырып жатыр, – деді комиссия құрамындағы жігіт осында келіп.
– Әпдімәмет, сау бол, қамықпа, – дедім шығып бара жатып.
Ертеңінде бүкілкомиссия қайтадан келіп, кешегі жұмысымызды жалғастырдық. Арасында Әпдімәметкекеліп, қанша жылы қалғанын сұрадым. «Он жылын өткіздік қой, енді қалғаны алтыжыл. Шахтада істеу ауыр екен», – деді. Кезінде ірі денелі, толық жігіт болған-ау.Қазір тек сорайған бойы мен жүдеу тартқан боп-боз өңі ғана қалған. Ештеңеайтпай шығып кеттім. Күнделікті жұмыспен жүріп жаттық. Сол бір мезгілдегі Есілаудандық сотының төрағасы Қанатбек Жұмаев деген азаматты мен сонау Алматыда оқыпжүргеннен танитын едім. Заң факультетін бітірген, жатақханаларымыз қатар болғансоң, күнделікті көріп жүретінбіз. Зерендінің жігіті болатын. Мен Есілге алғашкелгенде, осында бір-бірімізді танып, құшақтасып, төс қағыстырған едік.Келе-келе дос болып кеттік. Бірде Қанатбекке арнайы келіп, Әпдімәметтің жағдайынайтып бердім.
– Қанша дегенменжаза өтеу колониясы ауданның аумағында ғой. Үнемі барып, тексеріп жүретініңдібілем. Ана жігітке көмектесіп жіберсеңші. Шахтада істеу оңай емес, денсаулығынжоғалтып алып жүрмесін, – дедім.
Ол мұқият тыңдап алды да:
– Уәде бермеймін, бірақ байқап көрейін, – деді. Содан айжарым уақыт өтті. Біраз күннен кейін Қанатбек телефонмен хабарласып, «уақытыңболса келіп кетші» дегені. Екі ойлы болып мекемесіне келдім. «Бейсеке, өтінішіңдіорындадым», – деп, орнынан күле тұрған ол ақжарқын кейіппен қолын созды. –Аманшылық болса, келесі аптада еліне кетеді. Істеген жұмысына, тәртібіне қарадық.Өзінің де лагерь әкімшілігімен қарым-қатынасы түзу екен. Қатты қуанып, аң-таң болғанмен «рақмет» дей беріппін.
Бір күні кабинеттің есігін біреу қаққандайболды. Есікті ашсам, Әпдімәмет тұр. Жүдеу жүзі бал-бұл жанады. Кабинеткекірер-кірместен мені құшақтап:
– Бейсеке, бұл сенің ісің ғой, Аллам риза болсын! Менелге кетіп бара жатырмын, демалыс алсаң, біздің жаққа келіп кет, – деді.
– Сонау Мақтааралдансені іздеймін бе?! – дедім күліп.
Біраз отырып әңгімелестік.Мен оған қандай жолмен көмектескенімді айттым. Артынан екеуміз бір-бірімізгеамандық-саулық тілесіп, есік алдына шығарып салдым. Содан арада бірнеше жыл өтті.Бірде жұмысқа келсем, көрші кабинеттегі Валентина Войтович:
– Бейсенгазы, к тебекто-то пришел, у меня в кабинете сидит, – деді. Келсем, Әпдімәмет, әдемі киініпалған. Бұрынғы солыңқы жүзі толып, реңі кіріпті. Амандасып болған соң бөлмемеалып келдім. Бірінші сұрағым «қайдан жүрсің?» болды. «Астананың қасына көшіпкелдік, Қосшыға».
– Құтты болсын! –дедім. Әпдімәметтің айтуы бойынша, еліне барған соң, оқиға былай өрбіген көрінеді. Үйіне барса,талай жыл көрмегеніне қарамай, әйелікіргізбепті. Содан бұл Шымкенттегі ұлдарына барып тұрады. Бір күні үлкен баласыелге барғанда, Кенжегүлді қасындағы кішкентай ұлымен көргенін айтады. Ұлдың өздеріненаумай қалғанын ескертеді. Әпдімәмет ойланып-ойланып, Кенжегүлдің ата-анасынабарады. Баласын көреді. Кенжегүл тұрмысқа шықпаған екен. Бұл енді келіншектіңата-анасына, туыстарына жата жабысады. «Бала мен Кенжегүлді маған беріңдер, өзімасыраймын, бала менікі» деп. Ақыры, бұл болмаған соң, олар ақылдаса келе,Кенжегүлді бұған қосады. Тек «бұл жақта тұрма, сөз болады, басқа өңірге алыпкет» дейді. Солтүстіктің ауа райына дағдыланған бұл осы жаққа көшіп келеді.Азын-аулақ жиған ақшаларына кішігірім үй сатып алады. Қазір Қосшы мен Астананыңарасында таксист болып істеп жүр екен.
– Мен сені арнайы қонаққашақыра келдім. Қолың тисе келіп кет, – деді. Мен реті келгенде кіріп шығатынымды жеткіздім. Әкімшіліктің алдына шықтық. Ол болсабаласының тоғызыншы сыныпта оқитынын, Кенжегүлдің үйде екенін айтты. Қазіркеліншегінің аяғы ауыр екенін де сөзарасында ескертті. Сөзбен қағытып, одан әйелінің қанша жас кіші екенін сұрадым.Ол «он алты жас кіші, – деді. – Он алты жылға сотталып, он алты жаскіші адамға үйленген екенсің ғой», – дедім. Екеуміз қарқылдап күліп алдық. Біраздан соң мені күтетінінайтып, жеңіл көлігіне отырып кете барды. Артынан қарап тұрып, «адам тағдыры деген осы екен-ау» деп ойладым.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Журналистер одағының мүшесі