Адамдарды өртеді деп айыпталған бұрынғы босниялық сарбаз 20 жылға сотталды

01.11.2019, 02:00

3

Босния-Герцеговина соты 1992-95 жылдар аралығында Босниядағы соғыс кезінде 57 адамды өртегені үшін бұрынғы босниялық сарбазды 20 жылға соттады.

64 жастағы Радомир Сусниярға (Лалко деген атпен де белгілі) «адам өртеуден» бөлек ұрлық және азаматтарды заңсыз қамау бойынша айып тағылған.

Коритник ауылына шабуылдан кейін ұсталған бір топ босниялық мұсылманды әскерилер бір үйге қамап, сыртынан от қойған. Сот дерегінше, Суснияр мен өзге де босниялық серб сарбаздары үйден ешкім қашып кетпеуі үшін оқ атып, сес көрсеткен.

Ұзақ жыл Францияда тұрған Суснияр 2014 жылы ұсталып, Франция түрмесінде төрт жыл отырды. 2018 жылы Боснияға экстрадицияланды. 2012 жылы халықаралық сот дәл осындай қылмыс бойынша айыпталған босниялық ағайынды Милан және Средове Лукичке өмірлік жаза және 27 жыл түрме жазасын берген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27