«Әдебиетте оқиға ұрлау, образ ұрлау, ой ұрлау – ҚОРАДАН ҚОЙ ҰРЛАҒАНМЕН БІРДЕЙ»

«ЖасАлаштың» бүгінгі қонағы – қазақ зиялы қауымының көш басында жүрген халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері ҚабдешЖұмаділов.
Бүгінгі әдеби орта, жазушылар арасындағы қарым-қатынас, ар менадамгершілік әңгімемізге арқау болды.
– Қабдеш аға, әңгімені өзіңіз құрметтейтін адамнанбастасақ. Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романын елімен қауыштырдыңыз.Биыл Қажекеңнің туғанына 95 жыл толады. Осыған байланысты Жазушылар одағында тағдырлықаламгердің кітабын шығару, мерейтойын атап өту жөнінде не тіршілік бар?
– Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы Семей облысы Үржар өңіріндедүниеге келген. Жеті жасында үй ішімен Шәуешекке өткен ғой. Ашаршылықта елдің бәрібосып жатқан кез. Содан кейінгі өмірі арғы бетте өтті. Сексеннен асып барып,2011 жылы Шәуешекте қайтты. Біздің жоғарыдағыларға екі рет хат жазды. «Қытайда қырықжыл түрмеде болған, көп кітап жазған адаммын. Он томдық шығармаларымды дайындапқойып отырмын. Өз жеріме барып жатқым келеді. Маған екі метр жер беріңіздер, өзімніңатақонысымнан» деп жазды. Хат алдымен Жазушылар одағына келді. Біз өңдеп, қазіргіәріпке көшіріп, діттеген жеріне табысеттік. Бірақ одан ешқандай қозғалыс болмады. Өлгеннен кейін де сүйегін әкеліп жерлейікдеген талап болды. Бірақ атажұртына өзі де, сүйегі де жете алмады. Шәуешектегі мұсылмандарзиратының бір шетінде жатыр. Қажығұмар үлкен жазушы еді. «Қылмыс» романының алты томдығын мен осы елде қайта бастырдым. Оның екі томы бұрын ана жақта шыққан.Қалған төрт томы түрмеде жазылды. Қолжазбаларының бізге жетуінің өзі бір хикая.Туристердің, ағайыншылап келген елдің қоржынында келді. Көшпен бірге теңніңарасында келді. Қысқасы, неше түрлі контрабандалық жолмен маған жетті. Бірденалты томды басып шығару оңай шаруа емес. Төтеншеден кириллицаға көшіріп, оныкомпьютерге түсіріп, қатесін түзеп, кейбір терминдерін осы жаққа бейімдедік. ҚолжазбаДүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасында үш жыл бойы сейфте жатты. Қауымдастықбасшысы Талғат Мамашев Қажығұмар мұрасынасалғырт қарады. Жазушының бағына Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдениет министрі болыпкеле қалды. Үкімет атынан алты томға ақша бөлдірді. Қысқасы, Мұхтар Құл-Мұхаммедтің көмегімен алты томдық «Қылмыс» романы жарыққа шықты.
– Қажекеңкөзі тірісінде Алматыда басылған сол кітаптарын көрді ме екен?
– Көріпті. «Жас Алаш» газетінің қызметкері Ерік Рахым дегеназамат Шәуешекке арнайы барып, жасырып апарған кітабын Қажекеңе көрсетіпті.Ерік айтады, «еңкілдеп жылады» дейді кітабын көргенде. «Апыр-ай, кітабым елгежеткен екен ғой. Кітабыма қамқор болған азаматтарға рақмет» деп қатты разы болыпты. Бес жылданкейін Қажекеңнің туғанына 100 жыл толады. Жазушылар одағы келер жылы Қажекеңніңмерейтойын атап өтеді.
–Жазушылародағы демекші, Нұрлан Оразалиннің кезінде басқармамен айтысып қалушы едіңіз. Қазіргісіменқалайсыз? Сөзіңіз өте ме? Жұмысы көңіліңізден шығып жатыр ма?
– Бүгінгі Жазушылар одағының жұмыс бастағанына бір жыл ғанаболды. Жаңа басшы келді. Жаңа тірлік бастап жатыр. Келгеннен бері біраз жұмыстарістелінді. Бір кездері Әнуар Әлімжановтың тұсында Азия-Африка жазушыларыныңконференциясы өткен,1973 жылы. Жаскезіміз ғой. Өзіміз қатысқанбыз. Зыр жүгіріп қызмет істегенбіз. Содан кейінгісібылтыр өткен Азия жазушыларының форумы. Бұл да Жазушылар одағының қызметі. Алматыныңжаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушылармен кездесті. Мен де қатынастым, сөз сөйледім. Өтекеректі жиналыс болды. Қалалық әкімдік тарапынан Жазушылар одағына өте үлкен көмекберілетін болды. 40-50 жазушыға стипендия тағайындамақ. Жазушылар үйін жөндеп бермек. Дәл қазір Жазушылародағына көмек қажет-ақ.
– Қоғамда болып жатқанәлеуметтік мәселелерге, айталық былтыр бірнеше қалада өткенмитингілерге, көпбалалы аналардың мәселесіне одақ құрамындағы 700 жазушыдан бірнешеуіғана үн қатты. Қалғаны үнсіз. Ұлт жазушылары ұлттық мәселеге қашан араласады?
– Үнсіз жатыр деуге болмайды. Белсенді жазушылар бар, басынбәйгеге тігіп жүрген.Мен деараласамын. Темірхан Медетбек те бар. Үн қату бар да, оның жариялануы, үніңніңшығуы деген бар. Жазушылар үн қатпай жатқан жоқ. Үні шығатын өріс жоқ. Бір-екігазет қана бар. Телеарна мүлде жоқ. Сайрагүл деген қыз туралы мақала жаздым. «Жас Алаш» жариялады. Күйеуімен екі баласына қосылуға келген қауқарсыз қызға біз пана бола алмадық. Ақыры айдаладағыШвеция ие болды. Нобель сыйлығын беретін ел қанатының астына алды. Тағы бір мақалажаздым, «Біздегі билікке арқа тірек, сүйеу болатын халық па, әлде қарулы жасақпа?» деген. Тағы да «Жас Алашқа» шықты. Үнқату ма? Әрине. Митингілерді неге қуамыз? Еуропа елдерінде бірнеше мың адамдықереуіл күнара болып тұрады. Одан олар бүлініп кеткен жоқ.
Содан кейінмына бір нәрсені айта кетейін. Мен шекараны көп зерттеген адаммын. Шекаратуралы романдар жаздым. «Тағдыр» – шекараның қалай құрылғаны туралы шығарма. Солроманға 1990 жылы Мемлекеттік сыйлық алдым. Шекара әскері кезінде КГБ-ға қарады.Бұлардың құқы сондай – әрі-бері көшіп өткен адамдарды сотсыз, заңсыз қырыптастап отырды. Банды деген бір-ақ аты бар. Аштықтан арып-ашып, бұралып әрең өтіпбара жатқан талай көшті қанға бояды.Тарбағатайдың асуларында адам сүйегі деген бада болып жатыр. Сол КГБ-ға қарағаншекара әскерлерінің үстемдігі әлі күнге дейін сақталған. Соған бір мысал.Осыдан 4-5 жыл бұрын «Әріп пен Сара» деген кітабым шықты. Сол жылы Үржардың әкімімен ауданның мәслихаты Алматыға жиналысқакеле қалыпты. Мен Үржар, Тарбағатай, Аягөз, Зайсан аудандарының құрметтіазаматымын. «Әріп пен Сараның» 15 бумасын, яғни 150 кітапты әлгілердіңмашинасына салып бердім. «Мектептер мен кітапханаларға, ауыл ағаларына, көзіашық ақсақалдарға таратыңдар» деп. Обалыкәнеки! Таратыпты. Ел жапатармағай оқып жатқанда бір жұмадан кейін ауданның ҰҚК-сыатқа мінеді. Жаңағы кітапты қайта жинап алады. Жай ғана оқуға тыйым салса бір жөн,кітаптарымды керосин шашып өртепті. Аудан әкімі мен әлгі мәслихаттың басшысы өздеріалып барған кітапқа араша түсіп, бір ауыз сөз айта алмапты.
Өртейтіндей осыкітаптың ішінде не бар дейсіз ғой? Үш тарихи повесть, он шақты әңгіме, қалғандарыөзің сияқты тілшілерге берген сұхбаттарым. Содан сұрастырдым. Олар облысты нұсқайды,облыс аспан жақты көрсетеді. Мен ақыры қылмысқа кім нұсқау бергенін таппадым. Өртеген адамдардың тізімін алып қойдым.Олар тарихта қалуы керек.
– Сұрақжазушылардың белсенділігі туралы еді...
– Сөзімді бөле бердің ғой… Жазушының бәрі үн қатуы шартемес. Мұндайда қайраткерлер мен тұлғалар ғана бас көтереді. Одақ құрамындағы800 жазушының 600-інің қайдан, қалай кіріп кеткенін білмеймін. Бұның алдындағыбасшының кезіндегі былық. Кейде газеттерде 60-қа, 70-ке келді деп бір қаламгерлерді құттықтап жатады. Мен білмейтін адамдар.Сонан соң, жазушылардың бір тобын сарайжазушылары дейміз. Сарай жазушыларының көбі Астанада. Олар ешкімге сын айтпайды. Есесіне жайлы үй, жақсы қызмет соларда.
– ЗейноллаСәніктің «Қабанбай батыр» туралы деректі романын оқыдыңыз ба?
– Ол кім? Зейнолла Сәнік дегенді оқымаған адаммын. Оқуға тұрмайдыдеп есептеймін. Өйткені ол өзінің азаматтық, кісілік бейнесі құрметтеуге тұрмайтынадам. Бір күні теледидарды ашып қалсам, бір төбенің басында кесене тұрғызылыпжатыр. Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртазалар жүр. Астаналық мансапты жазушылар. Маңдайшада«Қаракерей Қабанбайдың кесенесі» деген жазу тұр. Маған айтпай, құпия жасалып жатыр. Қабанбай өмірін ұзақ жыл зерттеген, оны ғылыми айналымғатүсірген Қабдеш Жұмаділовтен жасырған. Бір қарасам, жаңағы Зейнолла тұр. Ол өзінҚабанбайдың тікелей ұрпағымын деп жүреді. Сәнік – оның төртінші ме, бесінші ме,атасы. Үкіметтегілер мені қағып тастап, бір жақтан Зейнолланы тауып әкеліпті. Зейнолласөйлеп тұр: «Дәл осы біздің бабамыздың жатқан жері». «Аталарымыз, әжелеріміз бізгеайтып кеткен. Аталарыңның зираты Есіл бойында деп құлағымызға құйып кеткен» депсоғып тұр. Орамалға түйіп алған топырақтыкесененің түбіне сеуіп жатыр. Мен соны көріп түңіліп кеттім. Мен арғы бет пен бергі беттегі Қабанбайдың ұрпақтарынаралап, дерек жинаған адаммын. Шекара бойында Қабанбайдың жеті ұлынан тараған үрім-бұтағыаз емес. Кіші баласы Әліден тараған сегіз ұлдың да ұрпағы жеткілікті. Сол қарт ақсақалдардың ешқайсысы батырдың сүйегі Арқада жатыр дегенді айтқан емес.
–Соңғыжылдары сіздің шығармаларыңызға «жиендік» жасайтындар көбейгенін естігеніміз бар. Біздің оқырмандарға соның мән-жайын айта кетсеңіз.
– Әдебиетте тың тақырыптарға жол ашатын көшбасшы жазушыбір көрнекті шығарма жазса, соған іліктеген «спутник» шығармалар туатыны үйреншікті нәрсе. Оның жөні басқа. Мәселе тікелей ұрлыққа баратындар жайында. Мысалы, Жанат Ахмәди «Есенгелді би» дегенроман жазыпты. Қытайдағы қызайлар мен Қабанбайдың құдалығы туралы. «Дарабозда»менің қиялымнан туған сондай бір тараубар-тұғын. Жанат соны түгелдей көшірген де қойған. Міне, бұл тарихи факті болса бір жөн. Бұл факті емес қой. Әдебиетте оқиға ұрлау,образ ұрлау, ой ұрлау қорадан қой ұрлағанмен бірдей. Тағы бір мысал, менің «Құзғынның өлімі» дейтін әңгімембар. Құзғын мың жасайды. Қазақ даласындағы өзгерістерді сол құзғынның көзіменберемін. Ақтабан шұбырындыны, 32-жылғы аштық – бәрі бар. Міне, содан кейінаспанда жүріп ойланатын құс көбейіп кетті. Сәбит Досановтың да ақбас бүркітдейтін құсы бар. Торғай даласындағы біраз оқиғаларды сол құстың көзімен береді. Көшіру деген – осы. АсқарАлтай деген тәп-тәуір жазушы. Ол да менің қорама түсіпті. Менің «Сәйгүліктер» атты повесімде майданға әкетіп бара жатқан жылқыдан қозыкүрең дейтін айғыр Еділден өтерде қайта қашады,үш айда арып-ашып елге жетеді. Содан 15 жылдан кейін жазылған Асқар Алтайдың «Қараштың қарасы» атты әңгімесінде тура сол Еділ бойынан әскерге айдап бара жатқанат қашады. Ол да арып-ашып Алатауғакеледі. Оның жылқысы да қозыкүреңді қайталайды.
– «Дарабозда»қазақтың өзге батырлары ғана емес, тіпті Абылай хан да екінші планға түсіп қалғандай.Осының мәнісін түсіндіріп берсеңіз.
– Жаңсақ пікір. «Дарабоз» – қос томды шығарма. Хан кеңесінен басталады. Әбілмәмбеттің тұсында.Абылай ол кезде Орта жүздің ханы. Әбілмәмбет – үш жүздің ханы. Романда Абылай мен Қабанбай кезекпе-кезек көрініп отырады.Бірақ бас кейіпкер – Қабанбай. Бүкіл оқиға соның төңірегіне көгенделіп берілуікерек. «Дарабоз» деген атты қойған кісі –Абылайдың өзі. Шыңғыстаудағы атақты шайқаста бекініп алған қалмақтың қолынаешкім батпай тұрғанда ақбоз атпен дара шауып топ жарады. Биікте тұрған Абылай: «Анау жалғызкеткен дарабоз кім?» дейді. Кейін қараса, ол Қабанбай болып шығады. Сонда Қабанбайғаалтын тон жауып марапаттайтыны бар. «Ұраның – Қабанбай. Ал менің қойған атымДарабоз болсын», – дейді Абылай.
«Дарабозда» қаншамаби бар. Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би бар. Әйтеке жоқ, ол кезде қайтыс болып кеткен. Кейбіреулер 26-жылғыОрдабасындағы жиынға Әйтекені де отырғызып қояды. Бірақ ол 20 жыл бұрын қайтысболған. Төле би «Ақтабаннан» кейін 12жыл бойы Қалден Сереннің атынан Тәшкент уәлаятын билеп тұрды. Онда бүкіл оңтүстікжоңғарға қарап тұрған кез. Кейбір ұрпақтары«біздің бабамызды Қалден Сереннің қызметкеріқылып қойыпсың» деп менімен қырғиқабақ. Шынмәнінде бұл – Төле бидің ұлылығы, мәмілегер, дипломаттығы. Өз елін босқын қылмай, Қалден Серенмен тіл табысып отыру Төле бидің ғанақолынан келген. «Дарабозда» Төле би – үлкенобраздардың бірі.
Әдебиетте бас кейіпкер дейтін бар. Күллі оқиғаны соның маңайына топтастыруың керек.
– Сізәр сұхбатыңызда осыдан алпыс жыл бұрынғы көшті бастағаныңызды, Мәскеуге хат жазғаныңызды,келісім жасағаныңызды айтасыз. Осы деректер, яғни 1962 жылғы ұлы көшті бастағаныңызхатқа, құжатқа түскен бе?
– Бүгінге дейін осы көш ақтаңдағы айтылмайтын құпияның біріболып келді. 1961 жылы Шәуешекте жүрген кезім. Мен хатты екі адреске кезек жазатынмын.Өзім басымда «қалпағым» бар, аңдудағы адаммын. Соның үшін хатты нағашым Шәріп Ақышұлыныңатынан жіберіп тұрдым. Адрес нақты:Москва. Кремль, КПСС-тің бас секретары Никита Сергеевич Хрущев жолдасқа. Екінші хат: Кремль. Жоғарғы Совет президиумыныңпредседателі Климент Ефремович Ворошиловқа. Біреуі болмаса біреуі тиедідейміз ғой. Кереметі сол – хаттар тиіп жатыпты. 1961 жылы қарашада осы хаттардыңрас-өтірігін анықтау үшін Құлжадан консул келді. «Барып тексер, аздаған топтың ісі ме, әлде халықтың жаппайқозғалысы ма?» деген ғой. Консул бір жұмадан артық жатып, Шәуешекте елді қабылдады.Қабылдауда мен де болдым. КазГУ-ды әлі бітірмегем.Студенттік билетім мен зачетный книжкам қалтамда жүретін. Соны көрсеттім.Консул бәрін көріп шығып, «Сізге жол ашыққой. Кез келген уақытта өте беруіңізге болады. Мына құжаттар сізді қорғайды»деді. Мен айттым, «Жеке өзім баяғыда кетер едім. Халық қозғалып тұр. Сол халықтыңатынан арыз ұйымдастырған адам – менмін. Халық көшуге дайын» деп. Консул «беталыстарың дұрыс» деп қабылдаған рай танытты. Содан не керек, көктем туысымен, 10 сәуірде көш басталды дакетті. Ең алдымен шекараға жақын ауылдар өте шықты. Совет Одағы бес заставаныашып қойды. Жұрт ағылды. Аттылы-арбалы, түйелі көш, жастар жаяу-жалпы шұбырды. Құлжажақтан аз өтті. Алтай қозғалмады. Оларда көш бастайтын серкелері болмады. Біз халықтықыс бойы дайындағанбыз. Соның нәтижесінде жиырма күнде 200 мың қазақ атажұртқа келіп қосылды. Бұл тың көшін бастап келген адаммын. Мен өліпбара жатсам да, соны ойлап жатып разылықпенкөз жұматын шығармын. Ал жазылғанхаттар Кремльдің архивінде жатыр.
– Былтыр ІІ дәрежелі«Барыс» орденімен марапатталдыңыз. Әдетте зиялы қауым өкілдері орден алғаннан кейін бір-ақ сәтте сарайжазушысы болып шыға келуші еді. Орденнің өтеуін сұрағандар болған жоқ па?
– Олай болмайды ғой. Ол үшін Жұмаділов қайта тууы керек. Қырықжасымда жұмыстың бәрін тастап, шығармашылыққа кеткен адаммын. Бір сөзім бар: «Өміріүш кісінің үстінен қарап көрген жоқпын» деген. Жиырма жылдай жұмыс істеп, қатардағыаға редактордан ары өспедім. Одан жоғары қызметке жібермейді. Өйткені арғыбеттен келгенім бар, оның үстіне араздасып тұрған елден келдім. КГБ дегенмекеменің адамдары бізді жоғары қызметке қоймайды екен. «Соңғы көшті» жазып, сигналдынөмірі қолыма тиген соң, министр Шерияздан Елеукеновқа арыз жаздым да, тартыпотырдым. «Жазушылық атағым мен қызметім бір-біріне сай келмеді». Оның үстіне«Соңғы көш» 40 мың таралыммен шығып тұрған кез. Қаламақы екі есе төленеді. Бесбалам болса да, тәуекел дедім.
Қиыншылық кездің өзінде тапсырыспен кітап жазғанемеспін. Тоқсаныншы жылдардың басында қиын кезең болды ғой. Бір байлар іздепкеліпті: «Ата-бабамыз туралы кітап жазып берсеңіз» деп. Әзірше «10 мың долларбермек. Қалғанын кітап шыққан соң көрмек». Аз ақша емес. Мен бірден бастарттым. Үкіметтің тапсырмасын орындамағанадаммын. Жеке адамның шежіресін жазсам, онда Жұмаділов деген фамилия тұрса, өз тегімдіқорлағаным болып шығады ғой.
Былтыр Тәуелсіздіккүні қарсаңында Астанаға шақырып, «Барыс» орденін берді. Мемлекеттің сыйлығы.Ешкімнің қалтасындағы сыйлық емес. Мен оған өзімді лайықпын, еңбегім сіңді депесептеймін. Сол үшін кішірейіп, билікке барып иілетін жағдайым жоқ. Ол – халықтыңберген марапаты.
– Ұлтынасыйлы, ұрпағына өнегелі, зиялылардың көш басында жүрген жомарт жансыз. Көптегенқатарластарыңыз атақ-даңқын пайдаланып, ұл-қызын қызметке тықпалап жүреді. Сізде еңбегіңізді, атақ-даңқыңызды пайдаланып, балаларыңызды тәуір жерге жұмысқаорналастыруға болар еді. Алайда ондайыңызды байқамадық. Тіпті отбасыңыз туралы асакөп тіс жара бермейсіз. Жұрт осы жағын көбірек білгісі келеді.
– Бес балам бар: төрт ұл, бір қыз. Үлкен ұлым Арман –тарихшы. Қазақ ұлттық университетінде сабақ береді. Бірнеше жыл декан болды.Одан кейінгі ұл – Дәрмен. «Болашақ» бағдарламасымен ең алғаш шетте оқығандардыңбірі. Америкада оқып, докторантураны бітіріп, содан кейін БҰҰ-ның Венадағыштабында жиырма жылдай қызмет істеді. Былтыр денсаулығына байланысты елге қайтыпкелді. Үшінші ұлым Дәулет – филолог, журналист. Ол Лондондағы Би-Би-Си-де онжыл қызмет істеді. Қазақша бірінші болыпхабар ашты. Балам жұмыс істеп жүргенде сол Би-Би-Сиге бардым. Қала ішіндегі қалаіспетті. Бүкіл дүниеге қырық тілде хабар таратады екен, менің балам41-ші болып хабар ашып еді. Он жылданкейін жабылып қалды. Ұлыбританияның кінәсіненемес, өзіміздегі биліктегі біреулер қажетсінбей, сұраған толқындарын бермеді. Дәулет үш тілде бірдей, қазір ағарту саласында қызмет істейді. Төртінші ұлымЖәнібек те «Болашақпен» Америкада оқыды. Бала-шағасымен қазір Вашингтонда тұрады.Бір корпорацияның вице-президенті. Келінім Мәриям Вашингтондағы әлем банкінің қызметкері.Үйдің кенжесі – Ерке деген қыз. Ол да «Болашақпен» оқыды. Қазір Семей жаққа барып,сондағы бір компанияда ағылшын тілін үйретеді. Осылардың ешқайсысына жүгірген жоқпын. Бәрі өздеріоқыды, өздері жұмыс тауып істеп жүр.
– Әңгімеңізге рақмет.
ЖарасКемелжан