Әділ ӘУЕЗХАН. Мәжнүн

19.11.2018, 22:45

46

МӘЖНҮН  Әй, осы махаббатқа келгенде менен ынжық бозбала жоқ қой деймін. Әсемді көрсем бітті, жүрегім қалтырап, буын-буыным дірілдеп бейшара болып тұрғаным. Маған қарап тіл қатса, онда мүлдем шаруам бітті дей беріңіз. Не айтып тұрғанын шала-шарпы естігенім түк емес, ең бастысы –  жауап беру керек емес пе. Өзіме түсініксіз бірдеңені айтқандай болам. Содан соң әлденені сылтауратып кетіп қалам. Қыз аң-таң. «Бұл неге сөйтеді?» деп балалардан сұрайтын көрінеді. Қайдан білсін ғашықтықтан тіл-аузым байланып тұрғанын. Сөйлескісі келмейді деп ойлайтын шығар. Құдай-ау, ғашық екенім түрімнен-ақ көрініп тұр емес пе. Балалардың бәрі қарқ-қарқ күліп, мезі қылады. «Мәжнүнді қараңдар, теңдессіз Ләйлісі кеп, тілін жұтып тұр». «Бұрынғының Мәжнүні таңды таңға қосып жырлаушы еді, қазіргінің Мәжнүні тіпті бір ауыз сөз айта алмайды». Қайта Әсемнің көзінше жалтақтап сықылықтағандары болмаса, айта қоймайды. Соған да шүкір. Маған жаны ашып, әрдайым ақылын айта жүретін жалғыз досым бар. «Әттең, жап-жақсы жігітсің, ашылып сөйлессең, қыз баяғыда сенікі болар еді» — дейді. Мен үндемеймін. «Ол да кет әрі емес сияқты. Бағана сабақта бірге отырдыңдар. Сенімен сөйлеспекші болды, ал сен үндемейсің. «А, неме» — деп мәңгіріп отырсың. Есің дұрыс па. Шешіліп сөйлессеңші. Осылай тілсіз жүре берсең, бір күні сенен жылпос біреу алып кетеді. Екі саусағыңды танауыңа тығып қаласың сосын. Сөйт, досым. Іске кіріс». Кірістім. Үйіне бардым. Телефон шалып шақырдым. Қыз сыртқа шықты. Досымның ақылы адыра қалды. Баяғы таз қалпыма түстім. Бір сөзді әрең айтсам керек. «Қыдырайық». Бұлыңғыр тұман басқан қала ішімен жүріп келеміз. Сөйлейтін – қыз, тыңдайтын — мен. Керек кезде қысқа қайырып жауап беріп қоям. Барлық ынтам -  Әсемде. Әрбір сөзін қалт жібермеуге тырысам. Нұрға малынған сұлу жүзіне көзім түскен сайын жерге кірердей болам. Қай сабақ жақсы, қай сабақ жаман, қай мұғалім аз сұрайды, қай мұғалім көп сұрайды, тағы басқа кәкір-шүкір – бәрін айтқан сияқтымыз. Құдай оңдап, сезім шырғалаңдарын қозғаған жоқпыз. Екі сағаттай жүріп, қыз үйінің алдына келдік. Үнсіз тұрмыз. Ғашық екенімді айтқым келді. Бас салып құшақтап сүйгім келді. Қарсы емес екенін сезем. Бірақ та білмеймін неге екенін, айта алмадым. Соны сезген болуы керек, біраз тұрған соң, Әйгерім салқын қоштасып, үйіне кіріп кетті. Сүйіктімнің соңынан қарап тұрып қалдым. Баспалдақты тық-тық басып көтеріліп бара жатыр. Подъездің темір есігі ақырын жабылды. Есіктің жанына келдім. Ойланып тұрмын. Егер де әлдекім «бақыт деген осы есіктің ішінде, кірсең сенікі болады» — десе, мен кірер ме едім? Әлде қандай бақыт екенін қиялдап осы жерде тұрар ма едім? Кенет өз-өзімнен күлдім. Қай-қайдағыны ойлайды екем. Кім айтады маған? Бала кезде көп оқыған қиял-ғажайып ертегідегі сияқты кеудесін жапқан ақ сақалын сипап мейірбан қария айта ма? Мен қияли ойдан серпіліп, жоғары қарадым. Аспан салбырап төмен түсіп түксиіп, түнеріп тұр. Кешегі жарқыраған ай да, жымыңдаған жұлдыздар да көрінбейді. Қап-қара бұлт торлап алған. Көңілсіз. Еңсені езіп, жаншып жібереді. Сенің керегің жоқ деп тұрғандай. Сылбыр басып үйге қайттым. Қаланың тынымсыз көліктері толассыз жүріп жатқан көшемен емес, бейсауат ешкім жүрмейтін жалғыз аяқ жолмен серуендеп келем. Аяқ астында шашылып жатқан жапырақтардың бойын дым алған, қара жерге жайылған сары кілем тәрізді жүрісті жайлы етеді. Төңірек тегіс тылсымға батқандай, тыныштыққа ұйып тұр. Кей кезде бозғылтым мұнар арасынан көк тіреген зәулім теректер қалқып шығып, қайтадан сіңіп жоғалады. Жан баласынан ешкім жоқ. Маған салса, осы жерде мәңгі-бақи жүре берер ем деген ой келді. Мен және менің арманым. Тек екеуміз ғана...Фото: artnow.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52