Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:02, 06 Мамыр 2021

Әділ сайлау ауылдан бастала ма?

None
None

     Құдай қаласа, биыл ауыл халқы өз әкімін тікелей сайлайды

      Қазақстандағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ кенттері әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша ел заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін ілеспе заң жобалары әзірленіп, ол кеше мәжілісте мақұлданды.

     Сонымен, не болды? Бұл реформаның елдегі 2345 елді мекенге қатысы бар. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Сайлауға саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 пайызының қолын жинаған өзін-өзі ұсынушылар қатыса алады. Әкім болып мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы біліктілік талабына сәйкес келетін, 25 жасқа толған Қазақстан азаматы сайлана алады. Сайланған әкім атқарған жұмысы жайында халыққа есеп береді.

      Ұсынылған кандидаттар болмаған не бір ғана адам ұсынылған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы. Кандидаттар ең төменгі бір жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі тиіс болды. Ал сайлаудың өзі 40 күн бұрын жарияланады және сайлаудың қорытындысы сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде шығарылатын болады.

Тегтер: