Әділ сөз: 2019 жылдың алты айында 25 журналист ұсталды

29.06.2019, 09:00

2

2019 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 25 журналист қызмет бабымен жүргенде ұсталған. Бұл туралы 28 маусымда "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры мәлімдеді.

«Тағы 18 журналистің үстінен іс қозғалған. Ақпарат құралдарында жарияланған материалдар бойынша 35 «кейіпкер» абыройы мен іскерлік беделін қорғау үшін сотқа шағымданған. Журналистерге қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Бастысы, мерт болған, сотталған, таяқ жеген тілші болған жоқ. Журналистер гвардиясы берілмей келеді. Бұған қоса күш алып, жас таланттармен толығып жатыр» деп мәлімдеді қор.

28 маусым – Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің күні. Халықаралық ұйымдар Қазақстандағы сөз бостандығын жиі сынайды.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымының биылғы Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі рейтингісінде Қазақстан 180 елдің арасында 158 орын алып, бір жыл ішінде бір саты төмендеген.

Қазақстанда негізгі оппозициялық газеттер жабылғанын айтқан ұйым «тіпті сәл ғана сынай жазатын басылымдардың өзі биліктің қырына ілінеді» деген. «Шекарасыз тілшілер» ұйымының дерегінше, Қазақстанда «полиция журналистерді жиі ұстайды, интернетке қатаң бақылау қойылған», ал блогерлерді «абақтыға не психиатрлық мекемелерге қамайды».

Қазақстан билігі «елде тәуелсіз БАҚ пен журналистерге қысым бар, сөз бостандығы шектеледі» деген мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған. 25 маусымда Нұр-Сұлтанда өткізген есеп беру жиынында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елдегі сөз бостандығының жағдайы «мүшкіл емес» деп мәлімдеген.

«Сөз бостандығы рейтингісінде бізден алда тұрған елдерді мұқият қарап шықтым. Көп елде журналистерді қудалап, құқықтарын әжептәуір шектейді. Ал Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес» деген министр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58