"Әділ сөз": Қазақстанда тілшілерге кедергі келтіру сипаты түрленіп барады

01.11.2019, 11:00

26

"Әділ сөз" баспасөзді қорғау қоры "Қазақстанда тәуелсіз журналистер жұмысына кедергі келтіру жиіледі" деп мәлімдеді. Қор президенті Тамара Калееваның айтуынша, Қазақстанда тілшілерге кәсіби міндетін атқарған кезде кедергі келтіргендер сирек жазаға тартылады.

"Әділ сөздің" журналистер берген деректерге негізделіп жасаған есебіне қарағанда, 2000-2019 жылдары тілшілер жұмысына кедергі келтіру бойынша 820 факт тіркелген.

«Бірақ тілшілер полицияға – 37 рет, прокуратураға – төрт рет, жоғарғы инстанцияларға 13 рет қана шағым түсірген. Сотқа екі журналист шағынған» дейді Калеева.

Қор президенті «заң жүзінде журналистер қорғалғанымен іс жүзінде тілшілердің қорғансыз» екенін айтады.

— Қазақстандағы ахуал Сириядан жақсы шығар. Бірақ бұл мамандықты Қазақстанда қауіпсіз деп айтуға келмейді. Журналистерді қорқытады, жала жауып, үстерінен іс қозғайды, жекелеген азаматтар абыройыма нұқсан келтірді деп арыз түсіріп, қатты тұқыртады. Тілшіні соққыға жығып, техникасын сындыру да бар. Бір топ адам түсірілімге әдейі кедергі келтіреді. Тілшіге тосқауыл келтірудің түрі көп және жыл сайын сипаты түрленіп келеді, — дейді Калеева.

Қарай отырыңыз: Қолшатырлы адамдардың журналистерге кедергісі (31 қазан 2019 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі please wait <video poster=«gdb.rferl.org/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/10/0/04/04bb0644-72fd-4f46-bcd9-94d64c7426a8_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30245999&SiteId=5&r=596824889&it=0&pd=20191031105300» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30245999.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

Биыл 22 шілдеде бір топ әйел Алматыдағы адам құқығы жөніндегі бюро кеңсесінде жоспарланған баспасөз мәслихатын өткізуге кедергі жасап, жиынға барған журналистерге шабуылдаған болатын. Олар журналистердің кәсіби аппаратурасын сындырып, бір бөлігін тартып алып кеткен де еді. Әлгі әйелдер сол жиынға барған Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа да шабуылдаған. Олар Азаттық тілшілерінің денесін көгертіп, тырнап тастаған еді. Адвокат Айман Омарова әйелдерді жауапқа тартуға байланысты істі билік әлі күнге «сөзбұйдаға салып отыр» деп мәлімдеген.

Бірнеше халықаралық ұйым мен қазақстандық қоғам өкілдері журналистер қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, билікті «мұндай арандатулар мен зорлық-зомбылық іс-әрекеттеріне жол бермеуге, әр оқиғаны мұқият тексеруге» шақырған.

Қазақстан билігінің дерегі "Әділ сөз" есебіндегі көрсеткіштен басқаша. Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есеп комитетінің есебінде 2019 жылдың алты айында журналистер жұмысына кедергі келтіру бойынша екі іс тіркелген. Комитет дерегінде «бір іс сотқа жіберілген» деп көрсетілгенімен, «сотқа түскен іс жоқ» деп жазылған.
Қазақстанның Қылмыстық кодексінде журналистер жұмысына кедергі келтіргені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36