Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:15, 10 Ақпан 2022

Әділбек-ау, қойсаңшы енді!

None
None

Қазақстан футбол федерациясы президентінің тағына талас жүріп жатыр. Кандидаттар тіркеліп, 28 қаңтарда аймақтағы футбол федерациялары басшыларының дауыс беруімен сайлау өтеді.

Бірақ кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталайын деп тұрғанда түн жамылып, жанталасып баяғы Әділбек Жақсыбеков тағы да үміткерлер қатарына килігіп, кіріп алған екен.

Астананың бұрынғы әкімі, EXPO-2017 басшысы болған, «Цесна» банкты да, футболымызды да басқарған, бірақ ештеңені жарытпаған – Жақсыбеков. Не мәлімдемесі, не бағдарламасы жоқ, жылт етіп шыға келіпті.

«Үйдегілерді әбден шаршатып, әрең кететін қонақ болады. «Е, кетті-ау ақыры», дегенде есіктен қайта кіріп келген қонақтай болды бұл – Жақсыбеков. Менің үлкен сұрағым бар, осы Жақсыбеков сияқты бізді шаршатып-жалықтырған, сонда да өздерінің ескі орындарына жармасып-жағаласа беретін ағаларға. Не керек осы, сендерге? Халыққа тыныштық беріңдерші! Еліміз отқа оранды, ақша жоқ, экономикамыз нашар, халық әбден ашынған. Ақшаны қайтар демейміз, әділ сотты да, түрмені де талап етпейміз. Тек кетіңдерші, а? Жастарыңыз келді. Дамыған, жылы елдерге кетіп, тыныш өмір неге сүрмейсіңдер? Бізге беріңдерші, елімізді өз қотырымызды енді өзіміз қасиық», деген екен блогер қарындасымыз Насима Қорғанбекова.

Тегтер: