Әділдік жолына қашан түсеміз?

01.05.2020, 08:35

47

Адам баласы дүниеде бір тылсым күштің бар екеніне сенеді, бірақ сол«екінші» күшке көп жағдайда мән бере бермейміз. Алайда біздің қазіргіҚазақстанда ондай «екінші» ықпалды күштің бар екеніне көзіміз жеткендей. Адам баласының басты арманы өзін-өзібасқарып, еркін өмір сүру, сол үшін барынша күреседі. Бірақ ол көп жағдайлардаіске аспай жатады. Оның басты себебі дұрысты бұрыс қылатын, еркіндік пенәділдікті аяққа басатын, құлқын құмары үшін түрлі сұмдыққа бара алатын, Құдайдыұмытқан жандайшаптардың, жағымпаздардың есепсіз көп болуынан сияқты.

Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы сондай еркіндіктің айқын бір көрінісіеді. Егер терең ойлай білмейтін ақылы аз, үкімет басына келген кездейсоқ Горбачев,ұлты сыйлайтын кемеңгер Д.Қонаевты ат-шапанын сыйлап, құрметпен демалысқашығарып салса, ол көтеріліс, қантөгіс болмайтын еді. Ұлттық намысы бар жігерліжастар «орталықтың» бұл саясатын еркіндікке, әділдікке төнген қауіп деп түсініпалаңға шықты, Д.Қонаевтың неге бұлай «қадірсіз» босатылуын түсіндіруді сұрады. Оныңқалай аяқталғаны белгілі. Желтоқсанның басты «құныкері» Горбачев болғанымен,өзіміздегі «мүдделілердің» араласуымен ол қанды оқиға әзірге  толық ашылмай қалып отыр.

Екінші сондай еркіндіктің белгісі Жаңаөзенде болды. Оны да билік барынсалып баса білді. Еркіндікке жол бердің, уақытында шара қолданбадың деп, облысбасшысы Қырымбек Көшербаевты лауазымынан босатты. Орнына ішкі істер министріБауыржан Мұхамбетжановты жіберді. Баспасөз бұл туралы «қырғи келді қыруға» депжазды. Бауыржан да биліктің сенімін «ақтады». Еркіндікті, әділдікті аңсағандардыңісі аяқсыз қалды, әзірге ақиқаттың беті ашылған жоқ.

Үшінші «айқай-шу» жер сату мәселесіне байланысты шыққанда да, билік өзінеыңғайлы жол таба білді. Сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовбастаған үкіметтік комиссия құрылды. Облыстарда, аудандарда кешенді кездесулерөткізіліп, құнды пікірлер мен ұсыныстар жинақталды. Бұған халық біршамасенгендей болды. Мәселе бір жүйеге келіп, енді заң шығаруға жақындағанда оныаяқтатпай, уақытша мораторий жариялап, ұлттық комиссияны министрмен қосабосатып жіберді. Сөйтіп, бұл мәселе де аяқсыз қалды.

Енді, міне, Қордай оқиғасы пайда болды. Әрине, себеп-сылтаусыз ештеңе деболмайды. Сол себептердің астарында не жатқанын анықтау, әділдік тұрғысынанбағалау үнемі жетпей жатады, уақытша болса да басылады. Неге бізде көзге ұрыптұрған еркіндік пен әділеттіліктің, ар мен намыстың ұшқындары жалғасын таппай,орта жолда сөне береді? Ойлап қарасақ, оның алғышарттары аз емес. Соның бірі – шушыққан жерлерге сенімді, «шаш ал десе, бас алатын» жандайшаптар менжағымпаздарды жіберу. Солай істер деген үмітпен Жамбылға «отқа салса жанбайтын,суға салса батпайтын», шашын ақ қырау басқан зейнеткер Бердібек Сапарбаевтыжіберуі биліктің сенімді «көзірінің» тозып, жұқарғанын анық көрсетіп отыр. Бұленді қоғамның жастарға толық сенбестігінің белгісі болса керек. Бұған дейінҚазақстанның төрт облысын басқарған, ешқандай инициативалы ісімен көрінбеген,екі рет шу шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыру министрі болып, кейін осысалаларды басқаратын үкімет басшысының орынбасары болып істеп, әлеуметтіксаланы адам түсінбейтін «реформалармен» кері кетірген сенімді шенді енді тағыбір «аса жауапты жұмысқа» барды. Тараздықтардың ашу-ызасын қандай қасиетіментоқтатары белгісіз, бірақ шудың аз уақыт болса да, аяқсыз қалуына аянбай еңбекететіні белгілі.

Осы орайда, айтайын дегенім: тәуелсіздік алғаннан бергі ел билігінде жүргеназаматтардың көбі қазір қасиетті пайғамбар жасынан асып, зейнеткерлікке шықты. Алайдаәлі күнге дейін билік басында жүргендері де бар. Дегенмен олар қашанғы «өрт»сөндірушінің міндетін атқарып, жөн-жосықсыз шаба бермек?! Тура жолғатүспесеңіздер де, кейінгі жастарға дұрыс жол көрсетіп, ықпалдасатын уақыттарыңболды ғой деп ойлаймын.

Н.ІЗТІЛЕУОВ, зейнеткер

Орал қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11