Әділет іздеген адамдар "Нұр Отан" партиясына барды

05.06.2019, 03:00

51

Нұрсұлтанда 4 маусымда «Нұр Отан» партиясының орталық ғимаратына «сот үкіміне наразымыз» деген адамдар жиналып, шағымдарын жеткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл жиынға сот шешіміне наразы ондаған адам жиналған. Олардың ішінде «заңсыз сот шешімінің негізінде жалғыз баспанасынан айырылдық», «баласының өлімін дұрыс тергемеді», «жақынын жазықсыз түрмеге отырғызды» деп келгендер болған. Наразылар Алматы, Көкшетау, Петропавл мен Павлодар қалаларынан келген. Азаттық осы жиыннан тікелей эфир таратып отыр.

ВИДЕО: Наразы адамдардың «Нұр Отан» партиясына шағымы

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

— Бірнеше күн бұрын «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бізбен кездесуін сұрап, ресми шақыру жібергенбіз. Бүгінге дейін ешқандай жауап келген жоқ. Сондықтан өзіміз келіп, кездескіміз келеді. Біз – заңсыз сот шешімін қайта қарау үшін арнайы комиссия құруды талап етеміз, — дейді осы жиынға қатысушы Санавар Закирова.

Нұр-Сұлтан қаласында жүрген алматылық белсенді Санавар Закирова әуелде өзін полицейлер торуылдап, «Нұр Отан» партиясының ғимаратына баруына кедергі келтіргенін айтады.

Жиналғандар алдына «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы басшысының орынбасары Арыстанғали Сансызбаев шығып, шағымдарды тыңдады. Ол жиында айтылған өтініш, шағымдардың тиісті жеріне жеткізілетінін айтты.

Арыстанғали Сансызбаев президент Тоқаевтың жұмыс сапарымен ел аралап жүргенін және осы жиын жайлы білмейтінін айта келіп, жиналғандармен кездесу мүмкіндігін жоққа шығарды. Белсенді Санавар Закирова шағынған адамдардың арызы бойынша комиссия құру туралы «Нұр Отан» партиясына 15 мамырда және 24 мамырда өтініш түсіргенін айтты. Ол жиналған адамдар президент Тоқаевпен кездеспей тарқамайды дейді. Жиналғандар тарқамған соң олардың алдына «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов та шығып, заң орындары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылатынын айтты. «Көтерілген мәселелерді „Нұр Отан“ партиясынан президент сайлауына түсіп жатқан кандидатқа жеткіземіз» деді ол.

Ал 3 маусым күні Үкімет үйі мен Ақорда маңында наразылыққа шыққан аналармен үкімет мүшелерімен қоса, президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев та кездесіп, мәселелерін тыңдаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11