Әділет министрі Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген Стати шағымы туралы айтты

16.11.2019, 02:00

6

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген молдовалық кәсіпкер Анатолий Стати және оның ұлы Габриэль Статидің Нью-Йорк сотына түсірген шағымын кері қайтарып алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. «Мұндай шешімді Стати қабылдаса да, маңызды» деген министр кәсіпкердің шағымды қайтып алуының себебін атады.

— Статидің компанияларының аудитін жүргізген мекеме барлық аудиторлық есепті қайтарып алды. Осы аудиторлық есептер — арбитраж шешімінің негізі болған, — деді Марат Бекетаев 15 қарашада журналистерге.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Стати Нью-Йорк сотына бұл шағымды 2017 жылы маусым айында түсірген. Онда Стати соттан 500 миллион доллар өндіріп алу туралы Швецияның апелляциялық соты шығарған шешімнің (2016 жылы желтоқсанда шыққан) орындалуын талап еткен. Бұған қоса, сот шығынына кеткен 3,5 миллион долларды өндіріп беруді сұраған.

АҚШ Жоғарғы соты 15 қазанда Қазақстан билігінің молдовалық бизнесмен Анатол Стати ісі бойынша шешімді қайта қарау туралы шағымын кері қайтарған.

Молдовалық бизнесмен Стати мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін «инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын» айтады. Нұр-Сұлтан бұл айыптауды терістеп, Статиді «алаяқтық жасады» деп айыптайды.

2017 жылы желтоқсанда New York Mellon банкі Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысынбұғаттағаны жария болған.

Биыл мамырда Нидерланд соты құны 5,2 миллиард доллар тұратын Нидерландтың KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры акцияларына салынған тыйымды күшінде қалдырды. Бұл акцияларға Қазақстан үкіметі мен Анатол Стати арасындағы дау аясында тыйым салынған еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39