Әділет министрлігі: 2019 жылы саяси партия ретінде тіркелуге 7 ұйым өтініш берді

06.05.2020, 19:07

27

2019 жылы Қазақстанда саяси партия ретінде тіркелуге 7 ұйым өтініш берген. Бұл мәліметті бүгін, 6 мамырда парламент отырысында депутаттар сұрағына жауап берген әділет вице-министрі Наталья Пан жариялады.

Наталья Панның сөзінше, «2019 жылы саяси белсенділік біршама өскен, ал 2017 жылы және 2018 жылдары әділет министрлігіне саяси партия құру жөнінде бастамалар түспеген».

Вице-министр 7 ұйымның саяси партия ретінде неге тіркелмегенін түсіндірді.

— Жеті ұйымның бесеуі партияны тіркеу жөніндегі бастамашыл топ тізімін бермеді. Біреуінің ұйымдастыру комитетінің мерзімі өтіп кетті. Тағы бір ұйым мүшелерінің арасында шетел азаматтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметкерлер, судьялар бар ма, жоқ па тексеріліп жатыр,- деді Наталья Пан.

Қазақстан парламентінің мәжілісі 22 cәуірде «Сайлау туралы» заң мен «Саяси партиялар туралы» заңға енгізілетін өзгерістерді мақұлдаған. Құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері заң жобасы жеткілікті талқыланбады сынап, «заңға шын мәнінде өзгерістер енбеді» деп сынаған.

Биыл ақпан айында қоғам белсендісі Жанболат Мамай бастаған бастамашыл топ «партияның құрылтай съезін өткізуге билік кедергі жасап, съезге келетін делегаттарды жолдан алып қалды» деп мәлімдеген.

Қазақстанда ресми түрде алты партия тіркелген. Үшеуі – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы мен билікшіл «Ақжол», Коммунистік партиялары парламент мәжілісінен орын алған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16