Бүгін, 12:51
«Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова Тоқаевтан БАҚ-ты қолдауды сұрады
Қарлығаш Жаманқұлова Ұлттық құрылтайда бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жаманқұлова атап өткендей, қазіргі уақытта ішкі нарықтағы жарнаманың 65% YouTube пен TikTok сияқты платформаларға ағып кетеді. Ол отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін тәуелсіз, мемлекеттік емес медиа платформаларды қолдауды қарастыруды сұрады.
Бұл қадам журналистерге лайықты еңбекақы төлеуге және сапалы контент жасауға мүмкіндік береді. Сол кезде БАҚ жасырын қаржыландыру немесе тапсырыспен дайындалған материалдарға тәуелді болмайды, ал оқырман басылымның артында кім тұрғанын білуге құқылы болады.