Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 07 Қазан 2025

Әділет департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шамгунов ұсталды

Р
Фото: ашық дереккөз

Қазір Жамбыл облыстық ҰҚКД қызметкерлері облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шамгуновты ұстады.

HALYQSTAN тілшісінің мәліметінше, ол жекеменшік сот орындаушыларынан олардың қызметіндегі анықталған заңбұзушылықтар үшін пара алған деген күдікке ілінді. Айып бойынша, Шамгунов оларды лицензиясынан айырмаймын деп уәде берген.

Әділет департаментінің ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Шамгунов бұған дейін сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімін басқарған. Мемлекеттік қызметте 19 жылдық тәжірибесі бар.