Адвокат Айман Омарова президент Тоқаевтан журналистерді қорғауды сұрады

04.05.2020, 20:28

4

Журналистер құқығын қорғаумен айналысатын қазақстандық адвокат Айман Омарова 3 мамыр — Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні Facebook-тағы парақшасында «журналистер құқығына байланысты ішкі істер министрлігі, прокуратура, сотта болып жатқан бассыздықтарды» айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Омарова президент бұл мәселеге назар аударып, елде журналистер құқығына байланысты ахуал жақсаратын шығар деп үміттенетінін айтты.

Адвокаттың айтуынша, көптеген құқық қорғаушылар мен баспасөз қорғау ұйымдарының дерегінше, Қазақстанның сөз бостандығы рейтингісі төмен. «Мысалы, „Шекарасыз тілшілер“ ұйымының »Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінде" Қазақстан 180 елдің арасында 157-орында тұр".

"Қазір журналистер тәуекелге барып жұмыс істеп жатыр, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, қылмыстық құқықбұзушылықтың құрбанына да айналып жатыр. Прокуратура заңдылықты қадағаламайды" деді Айман Омарова үндеуде.

Адвокат сонымен бірге Қылмыстық кодекстегі «Жала жабу» (130-бап) және «Жалған ақпарат тарату» (274-бап) баптары сөз бостандығына қарсы бағытталғанын айтты.

Айман Омарова бұған қоса, үндеуде 2019 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанда кәсіби міндетін атқару кезінде кедергіге тап болып, шабуыл жасалған Азаттық тілшілерін де атап өтті.

«Олар Нұр-Сұлтан және Алматыдағы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Бұл жерде құқық қорғау органдары шынайы қылмысты жасырып отыр және тіпті ол бойынша қылмыстық істің өзін тіркемей отыр» деді адвокат.

Қарай отырыңыз: Қолшатырлы адамдардың кедергісі (Шілде айы, 2019 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қолшатырлы адамдардың кедергісі" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қолшатырлы адамдардың кедергісі please wait <video poster=«gdb.rferl.org/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/07/8/87/8785078b-d705-43ce-8e0f-abaf2a8cb28d_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30040660&SiteId=5&r=560092256&it=0&pd=20190706180100» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Қолшатырлы адамдардың кедергісі"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Қолшатырлы адамдардың кедергісі
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30040660.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:04:09 0:00 Жүктеп алу

«Менің ойымша, (»Дүниежүзілік сөз бостандығы" рейтингісінде) 157-орын — өте төмен көрсеткіш және мұндай көрсеткішпен сөз бостандығы туралы айта да алмаймыз. Осы және Азаттық радиосы және өзге журналистердің мәселесіне назар аударасыз деген ойдамын. Олардың істері құқықтық шеңбер аясында дұрыс әрі заңды шешіледі деп үміттенемін" деді Айман Омарова.

  • Былтыр 22 наурызда өткен наразылық кезінде белгісіз топ Азаттықтың түсірілім тобының камерасын бөгеп, тілшілердің жұмысына кедергі келтірген болатын. Ұлттық киім киген бір топ адам Азаттық журналистерінің камераларын газетпен, қолмен жауып, олардың алдында би билеп, ән айта бастаған. Олар полицияның Астананы Нұр-Сұлтан атауына ауыстыруға наразылық білдірген адамдарды ұстағанын түсірткізбеуге тырысты.
  • Маусым және шілде айларында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі наразылық кезінде маска таққан белгісіз адамдар Азаттықтың түсірілім тобының камерасын қолшатырмен жауып, полицияның дөрекі әрекетін жасыруға тырысты.
  • Маусым айында адвокат Айман Омарова Азаттықтың он журналисінің атынан прокуратураға шағым түсірген. Омарова Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы полицейлер журналистер жұмысына кедергі келтірген топты ұстамай, қорғады, оларға қарсы іс ашпады деп мәлімдеген.
  • 2019 жылы шілденің 22-сі күні Қазақстандық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюроның Алматыдағы кеңсесінде өтуі тиіс болған баспасөз мәслихатынан хабар дайындауға барған Азаттық тілшілері мен өзге де басылым журналистеріне және бюро қызметкерлеріне жиырмаға жуық әйел шабуылдаған еді. Олар журналистерге қол жұмсап, тілшілердің кәсіби техникасын сындырды.
Азаттық операторы Тоқмолда Құсайынға әйелдердің шабуыл жасаған сәті. Скриншот. /> Азаттық операторы Тоқмолда Құсайынға әйелдердің шабуыл жасаған сәті. Скриншот.

Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар тілшілерге шабуылды айыптап, Қазақстан билігін бұл оқиғаны мұқият тергеуге шақырды. Кей сарапшылар «оқиға алдын ала жоспарланған» деп тұжырым жасаған.

Қазақстанда журналистер жұмысына кедергі келтіру заңмен қудаланады және Қылмыстық кодексте екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04