Адвокат: Шораевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтады

25.04.2020, 20:57

4

25 сәуірде адвокат Жохар Өтебеков ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораевтың үстінен қозғалған қылмыстық істің тоқтағанын хабарлады.

"ІІМ тергеушісі қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан жалған ақпарат тарату ісі бойынша Арман Шораевтың үстінен қозғаған қылмыстық істі қазір ғана тоқтатты" деп жазды Өтебеков Facebook-тағы парақшасында.

25 сәуірде Азаттық тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласқанмен жауап ала алмады.

18 сәуірде Алматы қалалық полиция департаменті ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған. Ол «төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша күдікке ілінген. Кейіннен адвокаты Шораевтың қолхатпен қамаудан босап шыққанын хабарлаған.

17 сәуірде полиция «жалған ақпарат таратты» деген күдікпен белсенді Әлнұр Ильяшевті де ұстаған.

Арман Шораев 2019 жылы маусымдағы президент сайлауынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев құрған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірген еді. Ақпан айында ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған «Бейбіт жиын туралы» заң жобасына қарсылығын білдірген Шораев «жоба осы күйінде қабылданса, кеңес құрамынан шығатынын» мәлімдеген. Кейінірек кеңестен шығарылғаны белгілі болды.

Бұған дейін қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылар билік төтенше жағдай кезіндегі шектеу шараларын пікірін ашық айтып жүрген белсенділерді қуғындау құралы ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтып, мәселеге алаңдаған болатын.

Оқи отырыңыз: «Билік асыра сілтеп жатыр». Human Rights Watch пандемия кезіндегі Қазақстандағы адам құқығының жайына алаңдайды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34