Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:23

АЭС-ке қарсы шыққан белсенділерге 4 жыл шектеу жазасы тағайындалды

АЭС
Фото: ашық дереккөз

26 тамызда АЭС-ке қарсы шыққан белсенділерге сот үкімі оқылды. 

Атом электр станциясына қарсы акцияларға қатысқан белсенділер 4 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар оларға 5 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 29 қыркүйекте Алматыда АЭС құрылысына қарсы шыққан 12 белсенді ұсталған болатын. Солардың жетеуі — Нұргүл Жексембиева, Ақмарал Шатемірқызы, Галина Аққузова, Жеңіс Мақсутова, Рақыш Токманбет, Азат Төлеухан және Ерболат Аубакиров — кейін үйқамақ пен қолхатпен босатылды. Ал қалған бесеуі екі айға қамалып, кейіннен қамау мерзімдері бірнеше рет ұзартылды.

Негізгі сот отырысы 2025 жылғы 10 шілдеде басталды. Полицейлер белсенділерді «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды» деп айыптап, олардың чаттарында митингке шақыру, қаражат жинау және «билікке қарсы күрес» туралы үндеулер болғанын мәлімдеді.

Алайда сотта тәуелсіз сарапшы Абай Қайыржанов, адвокаттар өтініші бойынша шақыртылып, белсенділердің әрекеттерінде тәртіпсіздік ұйымдастыру немесе экстремистік идеялар жоқ екенін, қаражат жинау да жүргізілмегенін айтты.

Тегтер: