Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:10, 18 Қыркүйек 2024

АЭС құрылысы бойынша сауалнама жүргізген 4 адам жауапқа тартылды

ы
Фото: ОСК

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды.

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады, делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасының айтуынша, қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттеледі. 

Тегтер: