Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:44, 18 Қыркүйек 2024

АЭС-референдум: Республика бойынша тізімге 12 миллионнан астам адам енгізілген

а
Фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу шеңберінде 2024 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Орталық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізді.

Онда келесі мәселелер қаралды:

1. Мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету туралы;

2. Жергілікті атқарушы органдардың дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, референдум комиссиясына республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін ұсыну жөніндегі жұмысы туралы;

3. Республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындау туралы;

4. Республикалық референдумда дауыс беру тәртібі туралы;

5. Республикалық референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы.

Сонымен қатар, отырыста Орталық референдум комиссиясы өз өкілеттіктеріне сәйкес дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін және оны дайындау тәртібін белгілейтінін хабарлады.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде дауыс беруге арналған бюллетень нысаны мен мәтінінің жобасы дайындалды.

Шығарылған сұрақтың тұжырымы: «Согласны ли Вы со строительством атомной электростанции в Казахстане?» / «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» Және дауыс берушінің жауап нұсқалары: ИӘ, келісемін / ДА, согласен (-на) ЖОҚ, келіспеймін / НЕТ, не согласен (-на) Дауыс беруші дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.

Облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің ұсынылған мәліметтері мен есептеріне сәйкес республика бойынша тізімге 12 244 683 азамат енгізілген.