Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:34, 07 Сәуір 2022

АЭС-ТІҢ ақыры

None
None

Кеше біреулер тым қатты ақыл соғып, қақылдап кетіп еді. «Қазақстанға Ресейдің АЭС-і керек, электронды үкіметімізді ресейлік СБЕР-дің реттеп бергені жөн болады», деп.

Ресейдің АЭС-ін әкеп, Қазақстанды мәңгілік құлдыққа тапсырайын деп жанталасып еді. Енді ауыздарына құм құйылған шығар.

Не болды, ал?! Ресейдің бүгінгі билігі, оның шын пиғылы қандай екеніне көздері жеткен шығар, ә? Ресей әскері жантүршігерлік қылмысқа барды. Орыс әлемі Украинаға қарсы басқыншылық соғыс ашып, тіпті, украиналық АЭС-терге де шабуыл жасады. Өркениетті әлемнің бұрын-соңды болмаған санкциясына ұшырады. Ресейден білікті мамандардың бәрі қашты. Ресейдің енді алдағы он-шақты жылда жоғары технологиялар жағынан әбден артта қалатыны анық болды.

Кеше ғана сол Ресейдің Қазақстан жерінде АЭС салуын қолдағандардың аузына құм құйылып кетті. Өзі толық изоляцияға ұшыраған ел енді Қазақстанды қалайша, цифрландырып бермек?

– Енді Қазақстанда Ресейдің АЭС салуын қолдау – мемлекеттік қылмыс. Ресейдің АЭС-і туралы ұмытуымыз керек. Жалпы, Ресеймен бірлескен ешқандай инфрақұрылымдық жобаларға енді қол қоймауымыз керек. АЭС-і мен Сберімен қоса құрысын. Ал «қазаққа АЭС керек пе?» деген мәселе жалпыхалықтық референдум арқылы шешіліп, ол жобаға АҚШ, Ресей мен Қытай қатыспауы керек. Сосын, Қазақстандағы АЭС шағын болуы қажет, ол тек супер заманауи үлгілермен салынуы керек, – деп санайды физика-математика ғылымының кандидаты Эльдар Кнар.

Айтпақшы, Нығматулин бастаған, басқа олигархтар қоштаған қулар бас-басына заңсыз майнинг ферма ашып алып, Қазақстанның электр қуатын тоймай жеп келген екен. Бәрінің арты ашылып, сұр фермалар қазір шетінен жабылып жатыр. Осымен-ақ Қазақстан электр қуатының тапшылығынан құтылған шығар, ә? Арамыздағы тойымсыз олигархтарды құртсақ, әділетсіз ұрлықшыларымызға тәйт десек, Қазақстанға жарық та, басқасы да емін-еркін жететін сияқты, ә?

Тегтер: